Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Ноябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Мәслихаттың шешімдері

ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІ сессиясының «Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы» 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІ сессиясының 2018 жылғы
24 қаңтардағы № 191 шешімі

 

 

   Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының Бас жоспарына және Алматы қаласы әкімінің ұсынуына сәйкес, қалалық ортаны кешенді көріктендіру және эстетикалық ұйымдастыру және экологиялық қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік ыңғайлы тіршілік ортасын құру мақсатында, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         

1. ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVI сессиясының «Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін іске асыру жоспарын бекіту туралы» 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 720 болып тіркелген, 2006 жылғы 21 желтоқсанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

 

 аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың  қалақұрылыстық регламенттерін іске асыру жоспарының 4 қосымшасындағы:

   Ж-З  Шағын қабатты құрылыс салу (2-3 қабат) жер телімінсіз аймағы тарауының бөлігіндегі соңғы азатжол келесі редакцияда мазмұндалсын:

«Шығыс айналма жолының (ШААЖ) параметрлерін белгілеу Әл-Фараби даңғылының, Саин, Жандосов көшелерінің (Саин көшесінен қала шекарасына дейін) оңтүстігінде орналасқан барлық құрылыс түрлеріне шығыңқы іргелік қабатты қоспағанда үш қабаттан көп емес етіп белгілеу, биіктігі жер деңгейінен жақтаудың ұштауына (жабынның ұшы) дейін он екі метрден аспайтын және ені он бес метрден көп емес, жерасты бөлігінде паркинг орналастыру кезінде ғимараттың енін он жеті метрден асырмай  (ендік бағытта), ауа лебін өткізу үшін ғимараттарды меридиан бағытында орналастыру, халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау және білім беру саласында әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылыстарының биіктігі отыз жеті метрден аспайтын құрылысын қоспағанда.».  

 

2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

 

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының құрылыс және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.А. Әділхановқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.А. Мәкежановқа  жүктелсін.

                  

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

VІ сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

ХХVІ сессиясының төрағасы                          А. Гарбер

                                                                                      

 

VІ сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

хатшысы                                                    Қ. Қазанбаев

 


Кейін қайту