Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Мәслихаттың шешімдері

Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІ сессиясының 2018 жылғы
24 қаңтардағы №197 шешімі

 

 

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12 бабына сәйкес VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты I сессиясының
«VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және олардың төрағаларын сайлау туралы» 2016 жылғы 25 наурыздағы № 2 шешіміне келесідей өзгеріс пен толықтырулар  енгізілсін:

3 тармақтағы «2. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағалары сайлансын»:

- әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі - «Медеу ауданы № 29 сайлау округі  бойынша депутаты Болат Нұрмырзаұлы Садықов.».

 

2. VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты II кезектен тыс сессиясының «VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы № 6 шешіміне келесідей өзгеріс пен толықтырулар  енгізілсін:

1) 5 тармақтағы «5. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына келесі депутаттар сайлансын»:  

- «Медеу ауданы № 29 сайлау округі бойынша депутаты Болат Нұрмырзаұлы Садықов - «комиссия төрағасының орынбасары» деген сөздер «комиссия төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;

-  «Алатау ауданы № 2 сайлау округі  бойынша депутаты Нүрия Исмагиловна Ниязова - комиссия төрағасының орынбасары;»;

- аталған құрамнан: «Әуезов ауданы №12 сайлау округі бойынша депутаты Ханзада Әзімханқызы Есенова шығарылсын.».  

2) 3 тармақтағы «3. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының құрылыс және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына келесі депутаттар сайлансын»:

 - аталған құрамнан: «Жетісу ауданы № 24 сайлау округі бойынша депутаты Айбек Бектұрғанұлы Бектұрғанов шығарылсын.».  

 

3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихаты

ХХVI сессиясының төрағасы                                                                А. Гарбер

                                                                                 

 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

хатшысы                                                                                            Қ. Қазанбаев

 


Кейін қайту