Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Январь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Мәслихаттың шешімдері

Алматы қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясының

2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 182 шешімі

 

 

   Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 «Қазақстан Республикасының «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес,  VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Алматы қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 423 307 796 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:

салықтық түсімдер – 367 135 212 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1 101 711 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 177 089  мың теңге;

трансферттер түсімдері – 48 893 784 мың теңге;

2) шығындар – 417 408 186 мың теңге;

3) таза бюджеттік несие беру  – 9 001 148  мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 11 762 042 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 11 762 042 мың теңге;

5) бюджеттік дефицит – -14 863 580 мың теңге;

6) бюджет дефицитін қаржыландыру – 14 863 580 мың теңге.

 

2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен алымдар  есебінен құралады деп белгіленсін:

жеке табыс салығынан;

әлеуметтік салықтан;

заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан;

жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;

жер салығынан;

заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан;

жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан;

бірыңғай жер салығынан;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттiң және (немесе) шарап материалының, алкоголь өнімдерінің барлық түрлерiне акциздерден;

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны акциздерінен;

жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдерден;

жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемнен;

қоршаған ортаға эмиссия үшін  төлемнен;

жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алымнан;

аукциондардан алынатын алымнан;

республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы және республикалық маңызы бар қалаларда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыдан;

жергілікті бюджетке төленетін тіркелу алымынан;

тіркелген салықтан;

жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баждан.

 

3. Сонымен қатар, Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтық емес түсімдерден және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерден де құралады:

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінен;

коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне берілетін дивидендтерден;

коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістерден;

республикалық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерден;

республикалық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістерден;

қарыз алушы банктерге жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар;

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдерден;

бұрын жергілікті бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттарды қайтарудан;

жергіліктік бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдерден;

азаматтарға пәтерлер сатудан;

жер телімдерін сатудан;

жер телімдерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемдерден.

 

4. Салықтық және салықтық емес төлемдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, бюджеттік кредиттерді өтеу Алматы қаласының қазынашылығындағы қалалық бюджеттің есебіне толық аударылады деп белгіленсін.

 

5. 2018 жылға арналған республикалық бюджетке бюджеттік алымдардың көлемдері 102 907 355 мың теңге сомасында бекітілсін.

Алматы қаласы бюджетінің кіріс бөлігі толық орындалмаған жағдайда, республикалық бюджетке бюджеттік алымдар қалалық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалу пайызына сәйкес ай сайын жүргізілсін.

 

6. Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 4 771 760 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

7. Қорғаныс шығындары 2 868 049 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

8. Қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті қамтамасыз ету бойынша шығындар 15 978 941 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

9. Білім беру шығындары 95 959 391 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

10. Денсаулық сақтау шығындары 17 421 323 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

11. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары 17 302 533 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

12. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары 58 933 433 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

13. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік щығындары 17 267 950 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

14. Отын-энергетика кешенiне және жер қойнауын пайдалану шығындары 7 826 613 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

15. Ауыл шаруашылығы, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың, қоршаған орта мен жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары шығындары 11 939 096 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

16. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтеріне шығындар 2 771 798 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

17. Көлік және коммуникация шығындары 48 469 153 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

18. Басқа да шығындар 21 123 199 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

19. Жергілікті атқарушы органның резерві 7 487 610 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

20. 2018 жылға арналған жергілікті бюджетті орындау үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

 

21. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті белгіленген салықтардың, салықтық емес түсімдердің және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке уақытылы және толық түсуін қамтамасыз етсін.

 

22. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

 

23. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С. Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Жүнісоваға (келісім бойынша) жүктелсін.

 

24. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихатының 

XXV сессиясының төрағасы                А. Төлепов

 

VI сайланған Алматы қаласы

мәслихатының хатшысы                   Қ. Қазанбаев

 


 

Алматы қаласы мәслихатының №182 шешімге 1 қосымшасыkzPril1_182_1312-2017.pdf [469,05 Kb] (cкачиваний: 1)

 

 

 


Кейін қайту