Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Мәслихаттың шешімдері

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясының

2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 185 шешімі

 

 

   Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

 

2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

 

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихаты кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсін.

 

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихаты

ХХV сессиясының төрағасы                          А. Төлепов

                                                                                 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

хатшысы                                                 Қ. Қазанбаев

 



VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясының

2017 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 185 шешімімен бекітілді

 

 

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып

танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Сот шешімімен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі - Қағида) сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3. Иесіз қалдықтарды басқару Алматы қаласының әкімдігі, (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.

4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқаруша орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі - Комиссия).

Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы болып табылады.

5. Иесіз қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

 

 

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып

танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

 

6. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

7. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

 

3. Қорытынды ережелер

 

9. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады. 

 


Кейін қайту