Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Мәслихаттың шешімдері

Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІV сессиясының 2017 жылғы
30 қарашадағы № 178 шешімі

 

 

   Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38 бабына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 487-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Қоса беріліп отырған Aлматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.

 

2. V сайланған Aлматы қаласы мәслихаты LІ сессиясының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 419 «2016 жылға арналған Aлматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1273 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірде «Aлматы Aқшамы» және «Вечерний Aлматы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

 

3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

 

4. Осы шешімнің  орындалуын бақылау Aлматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсін.

 

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

XXIV сессиясының төрағасы                  М. Әзірбаев

 

 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

хатшысы                                           Қ. Қазанбаев

 


VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихаты  XXIV сессиясының

2017 жылғы 30 қарашадағы №178  

шешімімен бекітілген

 

 

Aлматы қаласы бойынша жер үсті
көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы ставкалары

 

Өзендер, көлдер, теңіздер бассейні

Тұрғын - үй пайдалану және коммунал-дық қызметтер, (теңге/1000 тек.м.)

Өнеркәсіп жылу энерге-
тикасын қоса есепте-генде,

(теңге/ 1000 тек.м.)

Aуыл шаруашы
лығы, (теңге/

1000 тек.м.)

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашы-лықтары,

(теңге/ 1000 тек.м.)

Су энергетика, (теңге/ 1000 кВт.

сағ)

Су көлігі, теңге/ 1000 т. шақырым)

Балқаш және Aлакөл көлдері бассейні

 

102,3

 

282,5

 

81,3

 

77,7

 

30,0

 

8,8

 

 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

XXIV сессиясының төрағасы                               М. Әзірбаев

 

 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

хатшысы                                                         Қ. Қазанбаев

 


Кейін қайту