Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Январь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Мәслихаттың шешімдері

Алматы қаласының Фурманов көшесін қайта атау туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІV сессиясының 2017 жылғы
30 қарашадағы № 175 шешімі

 

 

   Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабына cәйкес, Алматы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы  16 қарашадағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қарашадағы қорытындыларының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Алматы қаласы Медеу, Бостандық, Алмалы, Жетісу аудандарындағы Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып қайта аталсын.

 

2. Алматы қаласы Медеу, Бостандық, Алмалы, Жетісу аудандарының әкімдері, «Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасы», «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

 

3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулы мен шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және интернет-ресурста, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

 

4. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Х. Есеноваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін (келісім бойынша).

 

5. Осы «Алматы қаласының Фурманов көшесін қайта атау туралы» Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы қаласының әкімі

Б. Байбек

VІ сайланған

Алматы қаласы мәслихаты

ХХIV сессиясының төрағасы

М. Әзірбаев

 

  

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының хатшысы 

Қ. Қазанбаев

 

 


Кейін қайту