Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Январь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Мәслихаттың шешімдері

Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасын лауазымнан босату туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2017 жылғы 17 қарашадағы № 169 шешімі

 

 

   Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңы 6-бабының 2-1 тармағы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңы 47-бабының 3 тармағы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы 61-бабы 1 тармағының 3) тармақшасының және Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 401 шешімімен бекітілген Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы Ережесінің 21-тармағына  сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

 

1. Сыздықов Елқайыр Қабылкәрімұлы Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы лауазымынан зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 2017 жылдың 11 желтоқсанынан бастап босатылсын.

 

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы                      С. Козловқа жүктелсін.

 

 

VІ сайланған

Алматы қаласы мәслихаты

XXIІІ сессиясының төрайымы 

 

 

 

 

Н. Ниязова 

 

 

VІ сайланған

Алматы қаласы мәслихатының хатшысы 

 

 

 

Қ. Қазанбаев

 

 


Кейін қайту