Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Январь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Мәслихаттың шешімдері

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының VIII сессиясының «Ведомствоаралық консультативтік кеңес беру органы - Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Іскери кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 38 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2017 жылғы 17 қарашадағы № 173 шешімі

 

 

   Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, VI-шы сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

        

1. VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты VIII сессиясының «Ведомствоаралық консультативтік кеңес беру органы – Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Іскери кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 38 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

 

         3 тармағындағы:  

«Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Аукеновке» деген сөздер «Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.У. Мадиевке» деген сөздермен ауыстырылсын;

аталған шешімнің қосымшасындағы:

         Ведомствоаралық консультативтік кеңес беру органы – Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Іскери кеңесінің дербес құрамына енгізілсін:

Ғабит Төреұлы Миразов - Алматы қаласының прокуроры (келісім бойынша);

Гүлнар Ахметжанқызы Кокобаева - Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы (келісім бойынша);

Асқар Станиславович Тынысбеков - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (келісім бойынша);

Мақсат Сәкенұлы Қиқымов - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы; 

Юлия Константиновна Якупбаева - Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесі төрағасының міндетін атқарушысы (келісім бойынша);

Павел Викторович Брянцев - «Склад ОВ» ЖШС құрылтайшысы (келісім бойынша);

Мұхит Бақытұлы Әзірбаев - «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы (келісім бойынша); 

Досым Хамитұлы Қыдырбаев - «Банк ВТБ (Казахстан)» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);  

Арсен Дамирұлы Насырханов - Алматы қаласындағы «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдігінің өңірлік директоры (келісім бойынша);   

Элдар Рашитұлы Сәрсенов - «Нұрбанк» АҚ Басқармасының төрағасы (келісім бойынша);    

Абай Серікұлы Сарқұлов - «Даму» КДҚ АҚ Басқармасының төрағасы (келісім бойынша); 

Тимур Кішкембайұлы Хакімов - Алматы қаласы Кәсіпкерлер палата директорының міндетін атқарушысы (келісім бойынша);   

         аталған құрамнан Ерлан Мұратұлы Әукенов, Берік Ноғайұлы Асылов, Ерлан Ақселеуұлы Сейдімбек, Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев, Мағжан Мұратұлы Әуезов, Айбек Бектұрғанұлы Бектұрғанов, Мұрат Амангелдіұлы Дәрібаев, Асқар Иванович Ізбасаров, Санжар Ульфаұлы Кеттебеков, Наталья Вадимовна Лужных, Игорь Шарипканович Мажинов, Сәния Муратқызы Перзадаева, Қаныш Аманбайұлы Төлеушин, Юрий Жұмабайұлы Тілеумұратов, Марат Әлібекұлы Шотбаев және Руслан Борисович Юн шығарылсын;

   жолы:   

«Алмас Өскенбайұлы Мәдиев - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы» деген сөздер «Алмас Өскенбайұлы Мәдиев - Алматы қаласы әкімінің орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын; 

  жолы:

«Владислав Сединович Ли - «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқармасының төрағасы, VI сайланған  депутаты» деген сөздер «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты» деген сөздермен ауыстырылсын;

   жолы:  

«Кеңес Хамитұлы Рақышев - «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы» деген сөздер «Кеңес Хамитұлы Рақышев - БТА Банк» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;

   жолы:

«Жанна Викторовна Төлегенова- Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқармасының төрайымы» деген сөздер «Жанна Викторовна Төлегенова -

Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқармасының төрайымы, VI сайланған   Алматы  қаласы  мәслихатының  депутаты»  деген  сөздермен ауыстырылсын.    

        

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлік және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.У. Мәдиевке жүктелсін.

 

        

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихаты

XXIII сессиясының төрайымы             Н. Ниязова

 

 

Алматы қаласы

мәслихатының хатшысы                    Қ. Қазанбаев

 


Кейін қайту