Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Мәслихаттың шешімдері

VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты II кезектен тыс сессиясының «VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы № 6 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгiзу туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2017 жылғы 17 қарашадағы № 171 шешімі

 

 

   Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12 бабына сәйкес VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

 

1. VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты II кезектен тыс сессиясының «VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы № 6 шешіміне келесідей өзгеріс пен толықтырулар  енгізілсін:

 

1) 3 тармақтағы «3. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына келесі депутаттар сайлансын» мынадай мазмұндағы жолы алынып тасталынсын:

«Айбек Бектұрғанұлы Бектұрғанов, № 24 сайлау округінен депутат;»;

2) 1 тармағына «1. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына келесі депутаттар сайлансын» мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Жанна Викторқызы Төлегенова, № 6 сайлау округінен депутат;»;

3) 2 тармағына «2. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының көлікті дамыту және тұрғын үй саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына келесі депутаттар сайлансын» мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Вячеслав Юрьевич Банщиков, № 16 сайлау округінен депутат;»;

4) 5 тармағына «5. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына келесі депутаттар сайлансын» мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Дәмір Әбдухалиұлы Шыныбеков, № 21 сайлау округінен депутат;»;

5) 4 тармағына «4. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлік және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына келесі депутаттар сайлансын» мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:  

«Айбек Бектұрғанұлы Бектұрғанов, № 24 сайлау округінен депутат.».

 

2. Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

ХХІІІ сессиясының төрайымы                  Н. Ниязова

 

 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

хатшысы                                              К. Казанбаев

 


Кейін қайту