Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Январь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Мәслихаттың шешімдері

Алматы қаласында әлеуметтiк маңызы бар қатынастарының 2017-2019 жылдарға арналған тізбесін айқындау туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІІ сессиясының 2017 жылғы 6 қазандағы №159 шешімі

Алматы қаласы Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 қазанда №1413 болып тіркелді

 

 

   Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласында әлеуметтiк маңызы бар қатынастарының 2017-2019 жылдарға арналған тізбесі айқындалсын.

 

2. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XVI сессиясының «Алматы қаласында субсидиялауға жататын әлеуметтiк маңызы бар автомобиль қатынастарының 2017-2019 жылдарға арналған тізбесін айқындау туралы»
2017 жылғы 24 мамырдағы № 102 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1379 болып тіркелген, 2017 жылғы
15 маусымда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

 

3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы мәслихатының ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

 

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясының төрайымы Р. Бадаеваға жүктелсін.

 

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

Кезектен тыс XXII сессиясының

төрайымы                                              Н. Ниязова

  

Алматы қаласы

мәслихатының хатшысы                          Қ. Қазанбаев

 


 

VI cайланған Алматы қаласы

мәслихатының кезетен тыс XXII сессиясының

2017 жылғы 6  қазандағы №159 шешіміне

Қосымша

 

 

Алматы қаласында әлеуметтiк маңызы бар қатынастарының
2017-2019 жылдарға арналған тізбесі

 

р/с

 

Маршруттың нөмірі Маршрут атауы
1 №115 Теректі шағынауданы – Шаңырақ 2 шағынауданы
2 №70 Көкжиек шағынауданы – Таулы қырат шағынауданы
3 №56 Сәлем базары – Қазақфильм шағынауданы
4 №124 Водник шағынауданы – Таулы қырат шағынауданы
5 №137 Жетісу базары – Алатау ауданының әкімшілік орталығы
6 №131 Кондитерлік фабрика – Орманов көшесі
7 №127 Қонаев көшесі – Қазақфильм шағынауданы
8 №86 Орбита шағынауданы – Азаматтық авиация академиясы
9 №19 Алғабас шағынауданы – Қазақфильм шағынауданы (Әл-Фараби даңғылы)
10 №125ш 6-шы қала кешені – № 179 мектеп
11 №51 Қалдаяқов көшесі – Жұлдыз шағынауданы Жаңа құрылыс
12 №1 РВ-90 - Алматы 1 теміржол вокзалы
13 №8 Жас Қанат шағынауданы – Кондитерлік фабрика
14 №103 Орбита 3 шағынауданы – Шаңырақ 1 шағынауданы
15 №46 Первомайский кенті - Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны
16 №77 Алматы 1 теміржол вокзалы – Саин-Жандосов көшелері
17 №201м Төле Би-Яссауи айналма алаңшасы – Шығыс айналма автомобиль жолы
18 №65 Ақсай 3б шағынауданы – Думан шағынауданы
19 №119 Қарғалы шағынауданы – Райымбек метро бекеті
20 №95 Көктөбе шағынауданы – Барлық базары
21 №99 Көктөбе шағынауданы – Ақбұлак шағынауданы
22 №4 Думан шағынауданы – Құрамыс кентінің мектебі
23 №72 Алматы 1 теміржол вокзалы – № 6 шағынауданы
24 №128 Барлық базары – Самал шағынауданы 
25 №57 Саялы шағынауданы – Республика сарайы
26 №126 Қайырбеков көшесі – Каменка шағынауданы
27 №50 Ақжар шағынауданы – Айша Бибі шағынауданы
28 №112 Асыл Арман тұрғын үй кешені – Мақатаев көшесі
29 №48 Халыққа қызмет көрсету орталығы – Таулы қырат шағынауданы
30 №59 Орбита 3 шағынауданы – Жетісу базары
31 №22 Ақжар шағынауданы – Мақатаев көшесі
32 №14 Қарағайлы шағынауданы – Барыс базары
33 №15 Алатау совхозы - Алтын орда базары
34 №21 Станиславский көшесі – Көктөбе шағынауданы
35 №111 Қалдаяқов-Жібек жолы көшелері – Көктөбе шағынауданы
36 №26 Таужолы кенті – Барлық базары
37 №28 Орбита 2-4 шағынауданы – 2 су электр станциясы
38 №68 Әл-Фараби даңғылы – Ремизовка саяжайлары
39 №107 Мост автостанциясы – Юбилейный кенті
40 №108 Алма-Арасан шағынауданы – № 190 мектеп
41 №104а Карғалы шағынауданы – Шаймерден көшесі
42 №125 Көкжиек шағынауданы – Жұбанов көшесі
43 №40 Мақатаев көшесі – Гончаров көшесі
44 №44 Ақжар шағынауданы – Орталық стадион

 


Кейін қайту