Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Август 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Мәслихаттың шешімдері

Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІІ сессиясының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 66 шешімі

Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 желтоқсанда № 1333 болып тіркелді

 

   Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы "2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 "Қазақстан Республикасының "2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:


      1. Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2017 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
      1) кірістер – 442 939 576 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
      салықтық түсімдер – 352 455 986 мың теңге;
      салықтық емес түсімдер – 1 205 750 мың теңге;
      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 864 144 мың теңге;
      трансферттер түсімдері – 84 413 696 мың теңге;
      2) шығындар – 441 832 911 мың теңге;
      3) таза бюджеттік несие беру – 12 301 071 мың теңге;
      4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 3 326 521 мың теңге, оның ішінде:
      қаржы активтерін сатып алу – 3 326 521мың теңге;
      5) бюджеттік дефицит – -14 520 927 мың теңге;
      6) бюджет дефицитін қаржыландыру – 14 520 927 мың теңге.


      2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен алымдар есебінен құралады деп белгіленсін:
      жеке табыс салығынан;
      әлеуметтік салықтан;
      заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан;
      жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;
       жер салығынан;
      заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан;
      жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан;
      бірыңғай жер салығынан;
      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттiң және (немесе) шарап материалының, алкоголь өнімдерінің барлық түрлерiне акциздерден;
      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны акциздерінен;
      жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдерден;
      жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемнен;
      қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемнен;
      жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алымнан;
      аукциондардан алынатын алымнан;
      республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте сыртқы (көрнекі) жарнаманы және республикалық маңызы бар қалаларда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыдан;
      жергілікті бюджетке төленетін тіркелу алымынан;
      тіркелген салықтан;
      жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баждан.


      3. Сонымен қатар, Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтық емес түсімдерден және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерден де құралады:
      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінен;
      коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне берілетін дивидендтерден;
      коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістерден;
      республикалық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерден;
      республикалық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістерден;
      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдерден;
       бұрын жергілікті бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттарды қайтарудан;
      жергіліктік бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдерден;
      азаматтарға пәтерлер сатудан;
       жер телімдерін сатудан;
      жер телімдерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемдерден.


    4. Салықтық және салықтық емес төлемдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, бюджеттік кредиттерді өтеу Алматы қаласының қазынашылығындағы қалалық бюджеттің есебіне толық аударылады деп белгіленсін.


      5. 2017 жылға арналған республикалық бюджетке бюджеттік алымдардың көлемдері 95 217 756 мың теңге сомасында бекітілсін.
      Алматы қаласы бюджетінің кіріс бөлігі толық орындалмаған жағдайда, республикалық бюджетке бюджеттік алымдар қалалық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалу пайызына сәйкес ай сайын жүргізілсін.


      6. Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 4 939 140 мың теңге сомасында бекітілсін.


      7. Қорғаныс шығындары 4 138 492 мың теңге сомасында бекітілсін.


      8. Қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті қамтамасыз ету бойынша шығындар 20 310 852 мың теңге сомасында бекітілсін.


      9. Білім беру шығындары 95 119 766 мың теңге сомасында бекітілсін.


      10. Денсаулық сақтау шығындары 44 215 175 мың теңге сомасында бекітілсін.


      11. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары 12 948 260 мың теңге сомасында бекітілсін.


      12. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары 47 770 290 мың теңге сомасында бекітілсін.


      13. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік щығындары 23 158 381 мың теңге сомасында бекітілсін.


      14. Отын-энергетика кешенiне және жер қойнауын пайдалану шығындары 8 410 667 мың теңге сомасында бекітілсін.


      15. Ауыл шаруашылығы, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың, қоршаған орта мен жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары шығындары 16 677 535 мың теңге сомасында бекітілсін.


      16. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтеріне шығындар 2 169 347 мың теңге сомасында бекітілсін.


      17. Көлік және коммуникация шығындары 47 611 594 мың теңге сомасында бекітілсін.


      18. Басқа да шығындар 22 465 534 мың теңге сомасында бекітілсін.


      19. Жергілікті атқарушы органның резерві 7 254 915 мың теңге сомасында бекітілсін.


      20. 2017 жылға арналған жергілікті бюджетті орындау үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.


     21. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті белгіленген салықтардың, салықтық емес түсімдердің және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке уақытылы және толық түсуін қамтамасыз етсін.


      22. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.


     23. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С. Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Жүнісоваға (келісім бойынша) жүктелсін.


      24. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған
Алматы қаласы мәслихатының
XII сессиясының төрағасы    К. Авершин
      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы    Қ. Қазанбаев

 


 

Алматы қаласы мәслихатының №66 шешімге 1,2,3,4 қосымшалар - kzPril-1234_66_09122016.pdf [437,84 Kb] (cкачиваний: 3)

 

 


Кейін қайту