Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



Мәслихаттың шешімдері

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Алматы қаласы мәслихатының VІ сайланған кезектен тыс XI сессиясының 2016 жылғы 24 қарашадағы №62 шешімі

Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 қарашада №1330 болып тіркелді

 

   Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңдарына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

 

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайАлматы қаласында тіркелген және тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін.

Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамдарға көмек олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.

 

2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты:

1)  осы шешімді Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

2)  нормативтік құқықтық актінің Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.

        

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Х. Есеноваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке (келісім бойынша) жүктелсін.

 

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс
XI сессиясының төрағасы                    К. Авершин

VI сайланған Алматы қаласы

мәслихатының хатшысы      Қ. Қазанбаев


 

VІ сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

кезектен тыс XІ сессиясының

 2016 жылғы « 24 » қарашадағы

№ 62 шешіміне қосымша

 

 

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары

Біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері
(теңге)

1.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

50,0 мың

2.

Мәртебесі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 6, 8 баптарында анықталған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар

50,0 мың

3.

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен наградталмаған, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдар

50,0 мың

4.

Чернобыль АЭС-iндегi апат зардаптарын жою салдарынан және Чернобыль АЭС-індегі апат салдарынан қаза тапқан адамдардың отбасылары

50,0 мың

5.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi

50,0 мың

6.

Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы»  Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған тұлғалар

20,0 мың

7.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар

50,0 мың

8.

Он сегіз жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылар

50,0 мың

9.

Тұрғын үй көмегін алатын отбасылар

50,0 мың

10.

Жарты жылда бір рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленетін әлеуметтік көмек алушылары

50,0 мың

11.

Аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын бірінші және екінші топ мүгедектері

50,0 мың

12.

Амбулаториялық емдеу кезеңіндегі  IV санаттағы туберкулезбен науқас азаматтар

50,0 мың

13.

«Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар

50,0 мың

14.

Аталған санат бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алатын мүгедек баланы тәрбиелейтін отбасылар

50,0 мың

 


Кейін қайту