Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



Мәслихаттың шешімдері

V сайланған Алматы қаласы мәслихаты кезектен тыс XLVII сессиясының «Алматы қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 395 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XI сессиясының

2016  жылғы 24 қарашадағы № 61 шешімі

 

 

   Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 106 бабының 4-тармағына және 111 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7 баптарына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

 

1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы кезектен тыс XLVII сессиясының «Алматы қаласының  2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 395 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1241 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Алматы ақшамы» газетінің № 158 санында және 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Вечерний Алматы» газетінің № 160-161 санында жарияланған), V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 27 қаңтардағы L сессиясының «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы кезектен тыс XLVII сессиясының «Алматы қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 395 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1250 тіркелген, 2016 жылғы 13 ақпандағы «Алматы ақшамы» газетінің № 18 және «Вечерний Алматы» газетінде № 19-20 жарияланған)өзгерістер енгізу туралы» № 403 шешіміне енгізілген өзгерістермен, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы LI сессиясының «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы кезектен тыс XLVII сессиясының «Алматы қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 395 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 407 шешіміне енгізілген өзгерістермен (нормативтік  құқықтық  актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1268 тіркелген, 2016 жылғы 26 наурыздағы «Алматы ақшамы» газетінің № 36 және «Вечерний Алматы» газетінде № 37-38 жарияланған), VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі кезектен тыс IV сессиясының «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы кезектен тыс XLVII сессиясының «Алматы қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 395 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 12 шешіміне енгізілген өзгерістермен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде    № 1282 тіркелген,  2016 жылғы 5 мамырдағы «Алматы ақшамы» газетінің № 53 және «Вечерний Алматы» газетінде № 54-55 жарияланған), VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі кезектен тыс VII сессиясының «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы кезектен тыс XLVII сессиясының «Алматы қаласының  2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы»  № 395 шешіміне  өзгерістер енгізу туралы» № 29 шешіміне енгізілген өзгерістермен (нормативтік  құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1299 тіркелген, 2016 жылғы 14 шілдедегі «Алматы ақшамы» газетінің № 83 және «Вечерний Алматы» газетінде № 84 жарияланған), VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі кезектен тыс IX сессиясының «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы кезектен тыс  XLVII сессиясының «Алматы қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы»  № 395 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 47 шешіміне енгізілген өзгерістермен (нормативтік  құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  № 1316 тіркелген, 2016 жылғы 4 қазандағы «Алматы ақшамы» газетінің № 115 және «Вечерний Алматы» газетінде № 118 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 тармақтың:

 

1) тармақшасында:

«474 857 141,6» сандары «486 658 630,6» сандарымен ауыстырылсын;

«салықтық түсімдер» деген жолдағы «306 468 065,7» сандары  «335 931 724,7» сандарымен ауыстырылсын;

«салықтық емес түсімдер» деген жолдағы «1 512 069,9» сандары  «3 088 630,9» сандарымен ауыстырылсын;

«негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер» деген жолдағы «12 665 268» сандары «6 491 000» сандарымен ауыстырылсын;

«трансферттер түсімдер» деген жолдағы «154 211 738,0» сандары  «141 147 275,0» сандарымен ауыстырылсын.

2) тармақшасында:

«465 624 583,8» сандары «482 984 786,7» сандарымен ауыстырылсын.

3) тармақшасында:

«11 052 571,0» сандары «10 984 870» сандарымен ауыстырылсын.

4) тармақшасындағы:

«28 502 651,4» сандары «23 011 638,5» сандарымен ауыстырылсын;

«қаржы активтерін сатып алу» деген жолдағы «28 502 651,4» сандары  «23 697 661,5» сандарымен ауыстырылсын.

6-тармақтағы «4 866 224,5» сандары «4 817 729,5» сандарымен ауыстырылсын;

7-тармақтағы «1 768 833,0» сандары «1 709 995» сандарымен ауыстырылсын;

8-тармақтағы «16 825 674,0» сандары «16 961 881» сандарымен ауыстырылсын;

9-тармақтағы «78 373 433,6» сандары «80 472 427,6» сандарымен ауыстырылсын;

10-тармақтағы «64 252 649,9» сандары «66 154 154,9» сандарымен ауыстырылсын;

11-тармақтағы «11 131 515,0» сандары «14 888 301» сандарымен ауыстырылсын;

12-тармақтағы «47 162 617,5» сандары «43 743 675,5» сандарымен ауыстырылсын;

13-тармақтағы «58 740 357,7» сандары «51 863 057,7» сандарымен ауыстырылсын;

14-тармақтағы «14 174 491,3» сандары «14 479 875,9» сандарымен ауыстырылсын;

15-тармақтағы «11 137 942,0» сандары «35 086 787» сандарымен ауыстырылсын;

16-тармақтағы «1 594 667,0» сандары «1 566 956» сандарымен ауыстырылсын;

17-тармақтағы «35 748 226,0» сандары «31 466 255,3» сандарымен ауыстырылсын;

18-тармақтағы «49 612 044,3» сандары «44 732 694,4» сандарымен ауыстырылсын.

келесі мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:

«1-1. 393 - бюджеттік бағдарламалар әкімгері Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық даму басқармасы 065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бағдарламасы бойынша «Алматы қаласының №3 коммуналдық автобус паркінің құрылысы» жобаның жалпы құны 4 988 473 мың теңге, оның ішінде: 2016 жылы – 5 000 мың теңге, 2017 жылы – 4 650 400 мың теңге, 2018 жылы – 333 073 мың теңге, «Азаматтардың көп жиналатын орындарын бейнемониторингілеу жүйесі», жобаның жалпы құны 8 682 945 мың теңге, оның ішінде: 2016 жылы  – 28 103 мың теңге, 2017 жылы – 827 848 мың теңге, 2018 жылы – 7 826 994 мың теңге, «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту және кеңейту», жобаның жалпы құны 5 793 012 мың теңге, оның ішінде:   2016 жылы – 400 мың теңге, 2017 жылы – 190 620 мың теңге, 2018 жылы – 5 601 992 мың теңге жобалары бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іске асыру мерзімдері қарастырылсын».

 

2. Аталған шешімге 1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

 

3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

 

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С. Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Жүнісоваға (келісім бойынша) жүктелсін.

 

5. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихатының 

кезектен тыс XI сессияның төрағасы       К. Авершин

 

 

VI сайланған Алматы қаласы

мәслихатының хатшысы                       Қ. Қазанбаев


 

Алматы қаласы мәслихатының №61 шешімге 1 қосымша - kzPril-1_61_24112016.pdf [266,49 Kb] (cкачиваний: 0)

 

 


Кейін қайту