Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



Мәслихаттың шешімдері

V сайланған Алматы қаласы мәслихаты XХXІV сессиясының "Алматы қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы" 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 286 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 07 желтоқсандағы № 384 шешімі

Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 желтоқсанда № 1233 болып тіркелді

        

 

   Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 106 бабының 2 тармағының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 30 қарашадағы «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

 

   1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы XXXІV сессиясының «Алматы қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 286 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1116 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 6 қаңтардағы «Алматы ақшамы» газетінің № 1 санында және «Вечерний Алматы» газетінің № 2-3 санында жарияланған), V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 20 қаңтардағы кезектен тыс XXXV сессиясының «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы XXXІV сессиясының «Алматы қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 286 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 298 шешімімен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1119 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпандағы «Алматы ақшамы» газетінің № 13 санында және «Вечерний Алматы» газетінің № 15 санында жарияланған) енгізілген өзгерістермен, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 17 наурыздағы XXXVІІ сессиясының «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы XXXІV сессиясының «Алматы қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 286 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 304 шешімімен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1153 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірдегі «Алматы ақшамы» газетінің № 38-39 санында және «Вечерний Алматы» газетінің № 39-40 санында жарияланған) енгізілген өзгерістермен, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XL сессиясының «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы XXXІV сессиясының «Алматы қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 286 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 27 мамырдағы № 331 шешімімен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1168 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдедегі «Алматы ақшамы» газетінің № 69-70 санында және «Вечерний Алматы» газетінің № 70-71 санында жарияланған) енгізілген өзгерістермен, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы XXXІV сессиясының «Алматы қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 286 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі № 345 шешімімен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1190 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 6 тамыздағы «Алматы ақшамы» газетінің № 94 санында және «Вечерний Алматы» газетінің № 94 санында жарияланған) енгізілген өзгерістермен, V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLIV сессиясының «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XХХIV сессиясының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 286 «Алматы қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2015 жылғы 16 қазандағы № 375 шешімімен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1214 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 24 қазандағы «Алматы ақшамы» газетінің № 129-130 санында және «Вечерний Алматы» газетінің № 128 санында жарияланған) енгізілген өзгерістермен келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтың:
      1) тармақшасында:
      «421 185 186» сандары «432 223 500,1» сандарымен ауыстырылсын;
      «салықтық түсімдерге» деген жолда «299 633 699,4» сандары «293 978 711,5» сандарымен ауыстырылсын;
      «салықтық емес түсiмдерге» деген жолда «1 682 558,6» сандары «1 635 366,6» сандарымен ауыстырылсын;
      «негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер» деген жолда «2 655 000» сандары «15 535 000» сандарымен ауыстырылсын;
      «трансферттердің түсімдері» деген жолда «117 213 958» сандары «121 074 422» сандарымен ауыстырылсын;
      2) тармақшасында:
      «428 268 355,4» сандары «434 166 462,2» сандарымен ауыстырылсын;
      3) тармақшасында:
      «таза бюджеттік кредит беру» деген жолда «9 180 101» сандары «7 780 101» сандарымен ауыстырылсын;
      4) тармақшасында:
      «қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо» деген жолда «14 304 867» сандары «19 445 074,3» сандарымен ауыстырылсын;
      «қаржы активтерін сатып алу» деген жолда «19 450 635» сандары «24 590 842,3» сандарымен ауыстырылсын;
      5) тармақшасында:
      «-30 568 137,4» сандары «-29 168 137,4» сандарымен ауыстырылсын;
      6) тармақшасында:
      «30 568 137,4» сандары «29 168 137,4» сандарымен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы «3 393 238» сандары «3 360 787» сандарымен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы «1 443 622,2» сандары «1 408 155,2» сандарымен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы «14 419 622» сандары «14 308 245» сандарымен ауыстырылсын;
      9-тармақтағы «69 060 092,4» сандары «68 709 031,4» сандарымен ауыстырылсын;
      10-тармақтағы «53 865 925,6» сандары «53 473 970,4» сандарымен ауыстырылсын;
      11-тармақтағы «8 018 265,1» сандары «7 874 364,1» сандарымен ауыстырылсын;
      12-тармақтағы «70 225 118,7» сандары «70 497 069,7» сандарымен ауыстырылсын;
      13-тармақтағы «28 101 750,2» сандары «30 107 306,2» сандарымен ауыстырылсын;
      14-тармақтағы «21 007 365» сандары «21 640 806» сандарымен ауыстырылсын;
      15-тармақтағы «5 273 638» сандары «19 267 101» сандарымен ауыстырылсын;
      16-тармақтағы «6 332 588,3» сандары «6 277 434,3» сандарымен ауыстырылсын;
      17-тармақтағы «48 701 932» сандары «37 055 728» сандарымен ауыстырылсын;
      18-тармақтағы «33 361 416,1» сандары «40 253 522,4» сандарымен ауыстырылсын;
     

   2. Аталған шешімге 1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
     

   3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
   

   4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С. Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Жүнүсоваға (келісім бойынша) жүктелсін.
     

  5. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және оның қолданысқа енгізілуіне дейін, туындаған қатынастарға қолданылады.

 

      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихаты
      ХLVI сессиясының төрағасы                А. Котенев

      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      хатшысы                                  Қ. Қазанбаев


 

Алматы қаласы мәслихатының №384 шешімге 1 қосымша - kzPril-1_384_07122015.pdf [3,47 Mb] (cкачиваний: 2)

 

 


Кейін қайту