Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



Мәслихаттың шешімдері

Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы

Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 қазанда № 1206 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының 41 тармағына сәйкес және халықтың едәуір осал топтарын қорғау мақсатында, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және 75 жастан асқан тұлғаларға қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру мүмкіндігі берілсін.
      2. Қалалық қоғамдық көліктегі (таксиден басқа) тариф құнының 50% көлемінде жеңілдетілген жол жүру мүмкіндігі берілсін:
      1) 15 жастан асқан жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына;
      2) күндізгі оқу нысанындағы техникалық және кәсіби білім беру орындарының білім алушыларына, жоғары оқу орындарының студенттеріне;
      3) жасына байланысты зейнеткерлерге.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жоғарыда көрсетілген азаматтар санатына жеңілдетілген электрондық жол жүру картасы берілсін.
      4. Алматы қаласының әкімдігі тасымалдаушылардың әлеуметтік мәні бар маршруттарға қызмет көрсетуді іске асыруға байланысты залалдарын өтеуді қарастырсын.
      5. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
      1) IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXVI сессиясының «Алматы қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерінде (таксиден басқа) жол ақы жеңілдігін беру туралы» 2011 жылғы 18 каңтардағы № 395 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 882 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 ақпанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) шешімі;
      2) V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXIII сессиясының «Алматы қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерінде (таксиден баска) жол ақы жеңілдігін беру туралы» 2011 жылғы 18 каңтардағы № 395 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 198 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1019 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 каңтарда «Алматы ақшамы» № 9 және «Вечерний Алматы» № 9-10 газеттерінде жарияланған) шешімі.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихаты
      ХLІІІ сессиясының төрағасы            М. Әділханов

      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      хатшысы                               Қ. Қазанбаев

V cайланған Алматы қаласы
мәслихатының XLIII сессиясының
2015 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 367 шешіміне
қосымша

 Алматы қаласының қалалық қоғамдық
көліктеріндегі (автомобиль және қалалық электр
көлігінде, таксиден басқа) жолақы үшін
жеңілдік берілетін электрондық жол
жүру карталары

 

      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және 75 жастан асқан тұлғаларға арналған жеңілдік электрондық жол жүру картасы.
      2. Жалпы білім беретін мектептердегі 15 жастан асқан оқушылардың жеңілдігі бар электрондық жол жүру картасы.
      3. Күндізгі оқу нысанындағы техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында оқитын білім алушыларға, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған жеңілдігі бар электрондық жол жүру картасы.
      4. Жасына байланысты зейнеткерлердің жеңілдігі бар электрондық жол жүру картасы.

 


Кейін қайту