Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



Мәслихаттың шешімдері

Алматы қаласының көшесіне атау беру туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 тамыздағы № 3/504 және

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 09 тамыздағы № 355 бірлескен қаулысы және шешімі

Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қыркүйекте № 1203 болып тіркелді

 

   Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының  13-бабының  4) тармақшасына cәйкес, Алматы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алматы қаласы ономастика комиссиясының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 3 хаттамасының, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    

1. Алматы қаласы Бостандық ауданының Мұстафин көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысынан оңтүстік бағытқа кететін атауы жоқ көшеге (2000 м.) Тоқмұхамед Садықовтың есімі берілсін.

 

2. Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі, «Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы», «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

 

3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы қаулы мен шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

 

4. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға (келісім бойынша) жүктелсін.

 

5. Осы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Алматы қаласының әкімі                   V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс
А. Есімов                                                  ХLII сессиясының  төрағасы, мәслихат хатшысы                       
                                                                        Қ. Қазанбаев
   

 


Кейін қайту