Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



Мәслихаттың шешімдері

V сайланған Алматы қаласы мәслихаты XХXІV сессиясының «Алматы қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 286 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 20 қаңтардағы кезектен тыс ХХХV сессиясының  №298 шешімі

2015 жылғы 30 қаңтарда Алматы қаласы Әділет департаментімен нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1119 нөмірімен енгізілді

 

   Қазақстан   Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 104 бабының 5-тармағына,  108 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7 баптарына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

 

1. V  сайланған  Алматы  қаласы  мәслихатының  2014  жылғы  10 желтоқсандағы XXXІV сессиясының «Алматы қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 286 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1116 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 6 қаңтардағы  «Алматы ақшамы» газетінің № 1 санында және 2015 жылғы 6 қаңтардағы «Вечерний Алматы» газетінің № 2-3 санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

 

1 тармақтың:

2) тармақшасында:

«411 216 325» сандары «409 158 464,5» сандарымен ауыстырылсын;

4) тармақшасында:

«қаржы  активтерімен  жасалатын  операциялар бойынша  сальдо»  дегенжолда    «744 801»    сандары   «845 121,2»  сандарымен  ауыстырылсын;

«қаржы активтерін сатып алу» деген жолда «744 801» сандары  «845 121,2» сандарымен ауыстырылсын;

5) тармақшасында:

«-3 699 991» сандары «-1 742 450,7» сандарымен ауыстырылсын;

6) тармақшасында:

«3 699 991» сандары «1 742 450,7» сандарымен ауыстырылсын;

6-тармақтағы «3 188 798» сандары «3 168 001» сандарымен ауыстырылсын;

7-тармақтағы «1 044 574» сандары «1 066 172» сандарымен ауыстырылсын;

8-тармақтағы «13 625 071» сандары «13 607 071» сандарымен ауыстырылсын;

9-тармақтағы «73 568 046» сандары  «73 142 957,4» сандарымен ауыстырылсын;

10-тармақтағы «52 887 155» сандары «52 410 076,6» сандарымен ауыстырылсын;

11-тармақтағы «8 234 225» сандары  «8 241 531,1» сандарымен ауыстырылсын;

12-тармақтағы «45 325 582» сандары    «45 268 205,7» сандарымен ауыстырылсын;

13-тармақтағы «38 236 265» сандары   «37 813 990,2» сандарымен ауыстырылсын;

14-тармақтағы «13 513 438» сандары «13 256 645» сандарымен ауыстырылсын;

15-тармақтағы «4 160 496» сандары «4 017 402» сандарымен ауыстырылсын;

16-тармақтағы «5 801 373» сандары  «5 616 742,3» сандарымен ауыстырылсын;

17-тармақтағы «53 225 603» сандары   «52 300 735,3» сандарымен ауыстырылсын;

18-тармақтағы «15 494 100» сандары   «15 580 639,3» сандарымен ауыстырылсын.

 

2. Аталған шешімге 1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

 

3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

 

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С. Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа (келісім бойынша) жүктелсін.

 

5. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және оның қолданысқа енгізілуіне дейін, туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

V сайланған Алматы қаласы

мәслихатының  кезектен тыс

XXXV  сессияның   төрағасы                    Ф. Константинов                                                               

 

V сайланған Алматы қаласы

    мәслихатының хатшысы                      Қ. Қазанбаев   


 

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХV сессиясының  №298 шешімге 1 қосымша  kzPril_1_298_20012015.pdf [224,67 Kb] (cкачиваний: 0)

 

 


Кейін қайту