Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Август 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Мәслихаттың шешімдері

Алматы қаласында иттерді ұстау Қағидасын бекіту туралы

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы

XIХ сессиясының № 158 шешімі  

2013 жылғы 4 қазанда Алматы қаласы Әділет департаментімен 1002 нөмірімен енгізілді

 

 

 

   Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

 

1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында иттерді ұстау Қағидасы бекітілсін.

 

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.аШинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.

 

3. Алматы қаласының мәслихаты (Т.аМұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

 

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

V сайланған Алматы қаласы

мәслихаты XIX сессиясының

төрағасы, мәслихат хатшысы                                                        

Т. Мұқашев     

  


 

V сайланған Алматы қаласы

мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы

XIХ сессиясының № 158 шешімімен

бекітілген

 

Алматы қаласында иттерді ұстау Қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Иттерді ұстаудың осы Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Алматы қаласының аумағында иттерді ұстаудың тәртібін анықтайды.

2. Қағида иттерді ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға, меншік (бұдан әрі – иелері) түріне қарамай таралады.

3. Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 және 311 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

 

2. Иттерді ұстау жағдайлары

 

4. Иттердің иелері ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормаларды сақтаулары тиіс.

5. Тұрғын жайларда және көп пәтерлі тұрғын үйлерде иттерді ұстау кезінде иелері тыныштықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.

6. Жеке тұрғын жайларының иелері иттерін олар қашып кете алмайтын жеке ауласының шекарасында ұстаулары тиіс, ауланың кіре берісінде иттің бары туралы ескерту тақтасы болуы керек.

7. Иттерді адамдардың көп шоғырланатын орындарында ұстауға рұқсат етілмейді, қоғамдық көлікте және басқа да қоғамдық орындарда итті қысқа тізгінде және тұмылдырықта ұстайды.

8. Сәндік тұқымды иттерді сөмкелерде, арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде) тасымалдауға рұқсат етіледі.

9. Иесімен кәсіпорынның және мекеменің жанында байлауда қалдырып кеткен иттерден басқа қоғамдық орындарда алып жүрген тұлғалары жоқ иттер қаңғыбас болып саналады және міндетті түрде аулауға жатады.

10. Қаңғыбас иттерді аулау және жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.

11. Жануарға қатысты қатыгездікке жол берілетін иттердің ұрыстарын ұйымдастыруға және өткізуге рұқсат  етілмейді.

12. Әрі қарай ұстаудың мүмкіндігі болмаған кезде итті басқа иелеріне немесе аулауды жүргізетін ұйымға береді.

13. Өлген иттің өлексесі аулауды жүргізетін ұйымға өткізіледі.

 

3. Иттерді ұстау тәртібі

 

14. Иттердің иелері:

1) осы Қағиданың талаптарына сәйкес иттерді тиісті жағдайда ұстауды қамтамасыз етеді;

2) айналадағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тиісті шаралар қолданады;

3) ветеринариялық және тиісті денсаулық сақтау мекемелеріне ауруына күдікпен қарауды қажет ететін иттердің қауып алуының, сілекейленуінің, адамдарды тырнап алуының барлық жағдайлары туралы хабарлайды;

4) ауруға күдік туған жағдайда ветеринариялық қызмет мамандары келгенге дейін итті оқшаулайды немесе жануарды ветеринариялық клиникаға жеткізеді.

 

4. Иттерді қыдырту тәртібі

 

15. Иттерді қыдырту:

1) арнайы бөлінген орындарда;

2) иттің иесімен тізгінде (1,5 м) және тұмылдырықта алып жүру арқылы жүзеге асырылады.

16. Иттің иелері қыдырту кезінде өздерінің иттерінің нәжістерін жинауды қамтамасыз етеді.

17. Иттің иелеріне:

1) иттерін аулаларда, балалар алаңдарында, балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің орындарында, мектеп аулаларында, денсаулық сақтаудың емдеу-алдын алу және медициналық мекемелерінде, стандиондарда қыдыртуға;

2) иттерді жағажайларда қыдыртуға, қоғамдық шомылу орындарында, тоғандарда, субұрқақтарында, су айдындарында және бас сағаларда шомылдыруға және жуындыруға рұқсат етілмейді.

 

5. Иттер иелерінің құқықтары

 

18. Тіркелген иттер иесінің меншігі болып табылады және барлық меншік секілді заңмен қорғалады.

 

6. Қорытынды ережелер

 

19. Осы Қағиданы бұзғаны үшін иттің иелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

 


Кейін қайту