Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Апрель 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Мәслихаттың шешімдері

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының LIX сессиясының 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 425 шешімі

 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.Б. Қасымовқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары 

Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

 

VI сайланған Алматы қаласы

мәслихатының кезектен тыс 

LIХ сессиясының төрағасы                                                                    М. Грачев

                                               

 

VI сайланған Алматы қаласы

мәслихатының хатшысы                                                                       Қ. Қазанбаев


Алматы қаласы мәслихатының №425 шешімге 1 қосымшасы - PI-39513-PRILOZhENIE-kz.pdf [196,01 Kb] (cкачиваний: 11)

 

 

 


Кейін қайту