Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Мәслихаттың шешімдері

Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LVII сессиясының

2019 жылғы 22 қарашадағы № 409 шешімі

 

 

   Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

 

1. VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты I сессиясының «VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және олардың төрағаларын сайлау туралы» 2016 жылғы 25 наурыздағы № 2 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

 

2-тармақтағы «VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағалары сайлансын»:

мына:

«- жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй мәселелері жөніндегі  - № 32 сайлау округінен депутат Ержан Мәлікұлы Еркінбаев.»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 

«- жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй мәселелері жөніндегі  - № 12 сайлау округінен депутат Ербулат Булатович Касымов.».

2. VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты II кезектен тыс сессиясының «VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы № 6 шешіміне келесідей өзгерістер  енгізілсін:

1) 3-тармақтағы «3. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының құрылыс және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына келесі депутаттар сайлансын»:

мынадай мазмұндағы жол алып тасталсын:

«- Сабина Бақытғалиқызы Аманкелді, № 5 сайлау округінен депутат.»;    

2) 6-тармақтағы «6. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына келесі депутаттар сайлансын»: 

«- Ержан Мәлікұлы Еркінбаев, № 32 сайлау округінен депутат - председатель комиссии» жолдағы:  

«- комиссия төрағасы» деген сөздер шығарылсын;

«- Ерболат Болатұлы Қасымов, № 12 сайлау округінен депутат» жолдағы:   

«- Ерболат Болатұлы Қасымов, № 12 сайлау округінен депутат» деген сөздерден кейін «- комиссия төрағасы» деген сөздермен толықтырылсын;

«- Сәрсенбай Қали Қошқарұлы, № 14 сайлау округінен депутат – комиссия төрағасының орынбасары» жолдағы:  

«- комиссия төрағасының орынбасары» деген сөздер шығарылсын;

«- Асхат Қашқынбайұлы Шілікбаев, № 25 сайлау округінен депутат» жолдағы:

«-  Асхат Қашқынбайұлы Шілікбаев, № 25 сайлау округінен депутат» деген сөздерден кейін «- комиссия төрағасының орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын.  

 

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

          

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының кезектен тыс

LVІІ сессиясының төрағасы                           А. Шілікбаев                                                               

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының  хатшысы                               Қ. Қазанбаев

 


Кейін қайту