Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Мәслихаттың шешімдері

Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы № 325 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LVII сессиясының

2019 жылғы 22 қарашадағы № 408 шешімі

 

 

   Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы»  Заңының 9-бабы 5-тармағына және  Алматы қаласы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы отырысының хаттамасына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

        

1. Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы № 325 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген «Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамы» деген қосымшада: 

құрамынан шығарылсын:

1) Икрам Адырбекұлы Адырбек – «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі;

2) Даурен Абуталипович Бабамуратов – «Жастар үні» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

3) Елнур Сабыржанович Бейсенбаев – «Qadam PRO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;

4) Шегебек Жолдасбекович Кауымбаев – Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушысы;

5) Нурлан Ерболатович Сыдыков – Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы;

құрамына кіргізілсін:

1) Алма Есимбековна Абылкасымова – Педагогикалық білімді дамыту орталығының директоры – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі; 

2) Сабит Шаяхметович Аманбаев – «Алматы қаласы Жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестіктерінің Президенті;

3) Анна Викторовна Данилина – «Альтернатива» бітімгершілік және медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің Президенті;  

4) Диас Рахметұлы Есдаулетов – Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы;

5) Купесбай Оразбаевич Жампиисов – «Әскери қызмет және тыл еңбеккерлерінің Алматы қалалық Ұлы Отан соғысы ардагерлердің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

6) Улан Аскербекович Инкарбеков – Алматы қалалық мүгедектер қоғамының басқармасы төрағасының орынбасары;

7) Жанат Какимсеитовна Касымжанова – Алғашқы Медициналық-санитариялық көмекті реформалау жобасының ғылыми басшысы;

8) Эрнар Атымтайұлы Құрмашев – Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы;  

9) Амангельды Курмангалиевич Курмангалиев – Зейнеткер, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі;

10) Нуржан Жалауовна Мухамеджанова – «ALMATY TV» телеарнасының бас директоры;

11) Алибек Тулегенович Шапенов – Қазақстан Коммунистік халық партиясының Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы;

12) Кусман Каримович Шалабаев – Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі кеңесші-үйлестірушісі.

 

2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді ресми мерзімді басылымдарда және интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

 

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Қ.О. Қазанбаевқа жүктелсін.

 

4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

          

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының кезектен тыс

LVІІ сессиясының төрағасы                       А.  Шілікбаев                                                             

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының  хатшысы                           Қ. Қазанбаев

 


Кейін қайту