Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Мәслихаттың шешімдері

VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты кезектен тыс XXХVIII сессиясының «Алматы қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 297 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LV сессиясының

2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 398 шешімі

 

 

   Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына  сәйкес,  VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты, депутаттарының бастамашылығы бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы XXХVIII сессиясының «Алматы қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 297 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1520 рет санымен тіркелген, 2018 жылғы 15 желтоқсандағы «Алматы ақшамы» газетінің № 144-146 (5653) санында және 2018 жылғы 15 желтоқсандағы «Вечерний Алматы» газетінің № 151-152 (13472-13473) санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

 

1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. Алматы қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 574 616 354 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:

салықтық түсімдер – 430 035 100 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 6 211 839 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11 749 700 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 126 619 715 мың теңге;

2) шығындар – 562 571 174,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік несие беру – 7 598 199 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 23 317 202 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 24 983 807 мың теңге;

5) бюджеттік дефицит – -18 870 221,8 мың теңге;

6) бюджет дефицитін қаржыландыру – 18 870 221,8 мың теңге.»;

6-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«6. Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 6 497 835 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

7-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«7. Қорғаныс шығындары 3 468 097 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

8-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«8. Қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті қамтамасыз ету бойынша шығындар 17 966 286 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

9-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«9. Білім беру шығындары 137 810 499 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

10-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«10. Денсаулық сақтау шығындары 11 939 664 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

11-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«11. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары 31 062 976 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

12-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«12. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары 102 822 854 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

13-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«13. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік щығындары 23 288 136 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

14-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«14. Отын-энергетика кешенiне және жер қойнауын пайдалану шығындары 5 375 839 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

15-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«15. Ауыл шаруашылығы, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың, қоршаған орта мен жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары шығындары 14 137 336 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

16-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«16. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтеріне шығындар 2 561 380 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

17-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«17. Көлік және коммуникация шығындары 69 350 393 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

18-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«18. Басқа да шығындар 41 742 653 мың теңге сомасында бекітілсін.».

 

2. Аталған шешімге 1-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

 

3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

 

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.А. Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары І.Е. Өсеровке (келісім бойынша) жүктелсін.

 

5. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

VI сайланған Алматы қаласы

мәслихатының кезектен тыс

LV сессиясының төрағасы,                                                                

мәслихат хатшысының

міндетін уақытша атқарушысы                         Р. Бадаева

 


 

 

Алматы қаласы мәслихатының №398 шешімге 1 қосымшасы - kz_Pril1_398_3009-2019.pdf [264,57 Kb] (cкачиваний: 1)

 

 

 


Кейін қайту