Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Декабрь 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Мәслихаттың шешімдері

Алматы қаласының аумағындағы көші-қон үдерістерін реттеу тәртібі туралы

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы

12 сәуірдегі ХХVII сессиясының № 311 шешімі

Алматы қаласы Әділет Департаментінде 2010 жылғы 17 мамырда № 843 болып тіркелген 

 

 

    Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі № 258 «Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы» Заңының 3 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 75 бабының 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының халқын құжаттау және тіркеу ережелерінің» 39 тармағын жүзеге асыру үшін Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

 

1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының аумағындағы көші-қон үдерістерін  реттеу Тәртібі бекітілсін.

2. Осы шешім  оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комисияға (А.В.Моргунов)  және Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б.В. Доспановқа  жүктелсін.

 

ІV сайланған

Алматы қаласы мәслихаты

ХХVІІ сессиясының төрағасы

 

                                  

 

                                   Б. Шин

ІV сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

хатшысы

 

 

                                              Т. Мұқашев      


ІV сайланған Алматы қаласы

мәслихатының ХХVІІ сессиясының              

2010 жылғы 12 сәуірдегі

№  311  шешімімен бекітілген

 

 Алматы қаласының аумағында

  көші-қон үдерістерін реттеу тәртібі

 

 1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тәртіп Азаматтардың өздерінің  құқықтары мен еркіндігін жүзеге асыру, олардың басқа  азаматтардың, мемлекеттің және қоғамның   алдында міндеттерін орындауға қажетті жағдайларды жасау үшін, сонымен бірге Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында  Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі № 258 «Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы» Заңының 3 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 75 бабының 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының халқын құжаттау және тіркеу ережелерінің» 39 тармағын жүзеге асыру үшін әзірленді және Алматы қаласының аумағында көші-қон үдерістерін, азаматтарды тұрған жері бойынша тіркеу бөлігіндегі  ерекшелігін белгілейді.

2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрған жер болып азаматтардың тұрақты немесе басымдықпен  тұратын елді-мекен болып табылады (азаматтың басымдықпен  тұратын жері азаматтың үш айдан артық тұрғатын елді-мекені боп танылады).

         Он төрт жасқа толмаған тұлғалардың немесе қамқорлықта болған азаматтардың тұрған жері олардың ата-аналарының, асырап алушылары мен қамқоршыларының тұрған жері болып танылады.

3. Азаматтарды  тұрған жері бойынша тіркеу қандай да болмасын меншік түріндегі тұрған жайларға жүзеге асырылады және Алматы қаласының әділет органдары жүргізеді.

4. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйіне  немесе жергілікті атқарушы органы жеке тұрғын үй қорында жалға алған тұрғын үйге  тұрған жері бойынша тіркеу, бір адамға пайдалы алаңының көлемі  он бес шаршы метрден кем емес  тұрғын үй  нормасын ескере отырып жүзеге асырылады.

5. Жек тұлғаларды тұрған жеріне тіркеу белгіленген тәртіпте оның тұрғын үйді меншігіне алғанын немесе оны пайдалануға алғанын растайтын  құжаттардың негізінде, сонымен бірге жалға алу шарты бойынша (жалдау), қосымша жалға алу, сондай-ақ  осы Тәртіптің 4 тармағына сәйкес белгіленген  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген  өзге негіздер бойынша тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін өзге негіздер бойынша, тұрғын үйдің меншік иесінің (жалға алушының)  жазбаша келісімімен пайдалы алаң нормасын ескере отырып жүзеге асырылады.  Егер де  тұрғын үй бірнеше меншік иелеріне (жалға алушыларға)  жататын болса, онда тұрғын үйдің барлық иелерінің (жалға алушылардың) екі жақты келісімімен жүргізіледі.

         Азаматтарды тіркеу тұрақты тұратын орны бойынша  тұрғын үйлерге, пәтерлерге, интернат-үйлеріне, қарттар үйіне, басымдықпен тұратын орны бойынша тұрғын үйлерге, пәтерлерге, қонақ үйлерге, жатақханаларға, демалыс үйлеріне, шипажайларға, профилакторияларға, емдеу мекемелеріне, интернат-үйлеріне, пансионаттарға, қарттар үйіне, қызметтік ғимараттар мен жайларға жүзеге асырылады.

         Азаматтарды  бағбаншылар серіктестіктері мен  кооперативтерінің саяжай құрылыстарына тіркеу Қазақстан Республикасының  1994 жылғы 3 қарашадағы «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» Заңның  2 бабына сәйкес, саяжай құрылысын жеке тұрғын үйге қайта ресімдегеннен кейін, олардың тұрғын үй ғимараттары мен құрылыстары үшін оның шартының  белгіленген нормативтеріне сәйкес болған, сондай-ақ жер телімінің мақсатты қолданылуын  өзгерткен жағдайда жүзеге асырылады.

 

 

2. Азаматтарды басымдықпен тұратын орны бойынша тіркеу

 

6. Азаматарды басымдықпен тұратын орны бойынша тіркеу меншік түрінің қандай да болмасын тұрғын жайларына тұрған жері бойынша тіркеу есебінен шығарылмай жүзеге асырылады.

7. Азаматтарды басымдықпен тұратын орны бойынша ресімдеу  жалпы тәртіппен уақытша тұру кезеңіне жүргізіледі, қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес тұрғын жайларға меншік түрі мен оны беру шарттарымен  негізделген.

         Өзге  міндеттер бойынша  басымдықпен тұратын орны бойынша тіркеу  оқу, еңбек қызметі, іссапар, емдеу, әскери қызмет, контракт бойынша  шығармашылық және ғылыми қызметі кезеңіне жүргізіледі.

8. Он төрт жасқа толмаған тұлғалардың басымдықпен тұратын орны бойынша тіркеу онымен бірге болатын ата-аналарының  (асырап алушыларының, қамқоршыларының) немесе жақын туыстарының жеке басын растайтын құжаттарының, сондай-ақ осы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің тууы туралы куәлігінің негізінде жүзеге асырылады.

 

 

 3. Азаматтарды тұратқы тұратын орны бойынша тіркеу

 

9. Азаматтарды тұрақты тұратын орны бойынша тіркеу қандай да болмасын меншік түрінің тұрғын жайларына жүзеге асырылады.

10. Жазасын өтеген бас бостандығынан айырған орындардан босатылған  қаланың бұрынғы тұрғындарын тұрақты орны бойынша тіркеу,  олардың сотталғанға дейін тұрған тұрғын үй алаңына, сондай-ақ туыстарына немесе   тұрғын үй алаңының көлеміне қарамастан белгіленген тәртіпте берілген тұрғын алаңына  жүргізіледі.

11. Жақын туыстарын (ата-аналарын, балаларын, асырап алушыларын, асырап алынғандарды, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілерін және апалы-сіңлілерін (аға-қарындастарын), аталарын, әжелерін, немерелерін),   сондай-ақ тұрғын үй иесінің отбасы мүшелерін тұрақты орны бойынша тіркеу тұрғын үй алаңының көлеміне қарамастан белгіленген тәртіпте берілген тұрғын алаңына  жүргізіледі.

12. Он төрт жасқа толмаған тұлғалардың немесе қамқорлықта болған азаматтарды тұрақты  тұратын  орны  бойынша  тіркеу  тұрғын үй алаңының көлеміне қарамастан олардың заңды өкілдерінің – ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының тұрғын алаңдарына жүзеге асырылады.

 


Кейін қайту