Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Ноябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Мәслихаттың шешімдері

«Алматы қаласының әкімдігі жанындағы консультативтік - кеңесші орган – Экология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс

 ХХХІV сессиясының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 271 шешімі

  

 

   Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. VІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты V сессиясының«Алматы қаласының әкімдігі жанындағы консультативтік - кеңесші орган - Экология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» 2016 жылғы 18 мамырдағы № 21 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

аталған шешімнің қосымшасы, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

 

2. Осы шешімнің  орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К. В. Авершинге жүктелсін.

 

 

VІ  сайланған Алматы қаласы

мәслихатының XХХІV сессиясының

төрағасы                                                            Ә. Нәбиев

 

 

VІ  сайланған Алматы қаласы

мәслихаты хатшысының міндетін

атқарушысы                                                         К. Авершин


 

Алматы қаласы мәслихатының

 2018 жылғы 25 қыркүйектегі 

№ 271 шешіміне

қосымша

 

Алматы қаласы мәслихатының

 2016 жылғы 18 мамырдағы
№ 21 шешіміне

қосымша

 

   

Алматы қаласының әкімдігі жанындағы

консультативтік - кеңесші орган - Экология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің  дербес құрамы

 

 

1. Мәкежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы - Алматы қаласы әкімінің орынбасары, төраға;

2. Масабаев Әсет Дүйсебекұлы - Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, төрағаның орынбасары;

3. Авершин Константин Викторович - Алматы қаласы мәслихатының депутаты (келісім бойынша);

4. Молдағасымова Айзат Балтағұлқызы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы (келісім бойынша);

5. Хосчанов  Талғат Төлеуғазыұлы - Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы;

6. Исахов Мақсұт Пернебекұлы - Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы;

7. Малгелдиев Дамир Нұрбекұлы - Іле-Алатау мемлекеттік  ұлттық табиғат паркінің бас директоры (келісім бойынша);

8. Ұранхаев Нұрлан Тельманұлы - Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы;

9. Аққозиев Орман Сейілханұлы - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы (келісім бойынша);

10. Аришева Зейнеп Ануаровна - Алматы қаласы Білім басқармасының «Жас натуралистер стансасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры;

11. Мәдеева Жанар Ақылбекқызы - Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысының міндетін атқарушы;

12. Ситпаева Гүлнар Тоқбергенқызы - Қазақстаны Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ботаника және фито жерсіндіру институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;

13. Исин Төрехан Бейсенбіұлы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі бастығының  орынбасары (келісім бойынша);

14. Жолдасбаев Дәурен Сайденұлы - «Posadi Derevo» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарушы директоры (келісім бойынша);

15. Зикрина Зульфира Алмазовна - «Тұрақты өндіріс және тұтыну орталығы»  корпоративтік қорының президенті (келісім бойынша);

16. Бекжанов Нұрлан Амантайұлы - «Eco Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;

17. Ауғанбаева Алма Құрманқызы - Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры;

18. Сапаров Абдулла Сапарұлы - «Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша);

19. Кәрібаева Құралай Нұханқызы - «Экология және тұрақты даму институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша);

20. Елена Ерзакович - «Velofrends» қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша);

21. Сағитов Абай Оразұлы - Ж.Жиембаев атындағы «Өсімдіктерді қорғау және карантин Қазақ ғылыми-зерттеу институты»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша);

22. Елеусізов Мэлс Хамзаұлы - «Табиғат» Қазақстанның ассоциациялар және кәсіпорындары экологиялық одағының президенті (келісім бойынша);

23. Ни Вадим Павлович Қазақстанның Экологиялық форумының үйлестіру кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);

24. Романовская Светлана Юрьевна - «Тұтынушылардың ұлттық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша);

25. Кенжалин Жасұлан Қазезтайұлы - «Қазақстан экологиялық аудиторлар палатасы» қауымдастығының президенті (келісім бойынша); 

26. Спунер Жанна Болатбекқызы - «Тауасар» қоғамдық қорының қамқоршысы (келісім бойынша);

27. Жандосова Ажар Санжарқызы - «Тауасар» қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша);

28. Қасымбек Талғат Нұрлыбайулы - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары (келісім бойынша);

29. Антоненко Татьяна Николаевна - Қазақстанның көгалдандыру ассоциациясының президенті (келісім бойынша);

30. Шупейкин Василий Васильевич - «Вечерний Алматы» газетінің журналисі (келісім бойынша).

 

 

 


Кейін қайту