Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Ноябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Мәслихаттың шешімдері

Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІІІ сессиясының 
2018 жылғы  14 қыркүйектегі № 259 шешімі

 

 

  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 605-бабына сәйкес VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

 

1. Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

 

2. «Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекті) жарнамаларды орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемдер ставкаларын бекіту туралы»
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІV сессиясының 2008 жылғы
22 желтоқсандағы № 164 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 803 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

 

3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

 

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.А. Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.А. Мәкежановқа (келісім бойынша) жүктелсін.

 

5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты

XXXIII сессиясының төрағасы                                                        Б. Садықов

                                                                                           

 

VI сайланған Алматы қаласы

мәслихатының хатшысы                                                                Қ. Қазанбаев

 


 

Алматы қаласы мәслихатының
2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 259
шешіміне қосымша

 

 

Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі)
жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы
төлемақы мөлшерлемелері

 

 

Р/с

Сыртқы (көрнекі) жарнама түрлері

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бір жағы үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

Ай сайын

«А» санаты

«В» санаты

1

2

3

4

1.

Сыртқы (көрнекi) жарнама 2 ш. м-ге. дейін

4

2

2.

Лайтбокстар (сити-форматтағы)

6

3

3.

Ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама:

 

 

3.1.

2-ден 5 ш. м-ге. дейін

10

5

3.2.

5-тен 10 ш. м-ге. дейін

20

10

3.3.

10-нан 20 ш. м-ге. дейін

40

20

3.4.

20-дан 30 ш. м-ге. дейін

60

30

3.5.

30-дан 50 ш. м-ге. дейін

100

50

3.6.

50-ден 70 ш. м-ге. дейін

140

70

3.7.

70 ш. м-ден жоғары

200

100

4.

Шатырүсті жарықты сыртқы (көрнекі) жарнама құрылғылары (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер):

 

 

 

 

4.1.

30 ш. м-ге дейін

30

30

4.2.

30 ш. м-ден жоғары

50

50

5.

Палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, штандарттардағы сыртқы (көрнекі) жарнама:

 

 

 

 

5.1.

5 ш. м-ге дейін

1

1

5.2.

5-тен 10 ш. м-ге дейін

2

2

5.3.

10 ш. м-ден жоғары

3

3

6.

Уақытша типтегі дүңгіршектер мен павильондардағы сыртқы (көрнекі) жарнама:

 

 

 

 

6.1.

2 ш. м-ге дейін

2

2

6.2.

2-ден 5 ш. м-ге дейін

2

2

6.3.

5-тен 10 ш. м-ге дейін

3

3

6.4.

10 ш. м-ден жоғары

8

8

7.

Жылжымалы жайма жарнама

10

10

 

Санаттар бойынша Алматы қаласының негізгі алаңдары мен магистральдарының тізбесі:  

«А» санаты: Достық даңғылынан бастап «Медеу» мемлекеттік саябағының шекарасына дейін, Достық – Әл-Фараби трассасы, Райымбек даңғылы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, Құрманғазы Сағырбайұлы көшесі, Абай даңғылы, Абылай хан даңғылы, Әл-Фараби даңғылы, Достық даңғылы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Республика алаңы, «Астана» алаңы, «Самал-1» шағын ауданы, «Самал-2» шағын ауданы, «Самал-3» шағын ауданы, Бауыржан Момышұлы көшесі, Сүйінбай Аронұлы даңғылы, Жұмағали Саин көшесі, Сәкен Сейфуллин даңғылы, Бекен Жамақаев көшесі, Александр Пушкин көшесі, Тайыр Жароков көшесі, Қаныш Сәтбаев көшесі, Қажымұқан Мұңайтпасұлы көшесі, Ахмет Байтұрсынов көшесі, Ыбырай Алтынсарин даңғылы,Тұрар Рысқұлов даңғылы, Желтоқсан көшесі, Николай Гоголь көшесі, Жібек Жолы даңғылы, Жамбыл Жабайұлы көшесі, Қабанбай батыр көшесі, Қарасай батыр көшесі, Бөгенбай батыр көшесі, Төле би көшесі, Қазыбек би көшесі, Әйтеке би көшесі, Мұқағали Мақатаев көшесі, Бейімбет Майлин көшесі, Өтеген батыр көшесі, Юрий Гагарин даңғылы, Богдан Хмельницкий көшесі, Солтүстік шеңбер көшесі, Абдолла Розыбакиев көшесі, Шәмші Қалдаяқов көшесі, Наурызбай батыр көшесі, Климент Тимирязев көшесі, Ораз Жандосов көшесі, Мағазы Масанчи көшесі, Мәншүк Мәметова көшесі, Тұрғыт Озал көшесі, Өмірбек Жолдасбеков көшесі, Малбағар Мендіқұлов бульварі, Иван Панфилов көшесі (Әл-Фараби даңғылынан төмен), Махатма Ганди көшесі, Мұхтар Әуезов көшесі, Әлішер Науаи көшесі, Іліяс Жансүгіров көшесі, Федор Шаляпин көшесі, Ғани Мұратбаев көшесі, Иса Байзақов көшесі, Манас көшесі, Тарас Шевченко көшесі, автокөлік жолайрықтары, әуежай, автовокзал және темір жол вокзалы, спорттық шаралар және бұқаралық-мәдени демалыс орындары, қалаға кіре берістер мен шыға берістер.

«В» санаты: «А» санатына кірмеген барлық магистральдар, алаңдар және көшелер.

 

 


Кейін қайту