Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Ноябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Мәслихаттың шешімдері

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІІІ сессиясының 
2018 жылғы  14 қыркүйектегі № 258 шешімі

 

 

 

 

   Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 1194 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған шешіммен бекітілген, Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:

15 тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«Әлеуметтік көмектің аталған түрі ыстық және (немесе) суық сумен және (немесе) газбен және (немесе) газ құбырымен жабдықтау құралдарын орнатқан немесе тексеруден өткізген күннен бастап алты айдан кешіктірмей көрсетіледі.»;

16 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«16. Жеке тұрғын үй иесіне жалпы басынан тұрғын үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға 100 % шығыны мөлшерінде, бірақ үш нүктеден көп емес:»;

38 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған, аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға көрсетіледі - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;»;

40 тармақтың бесінші абзацының 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1) осы Қағиданың 38 тармағының 1), 2) 3), 4), 5) 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша адамның санаториялық-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны аудандық бөлімге жібереді;».

 

2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

 

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Р.К. Бадаеваға жүктелсін.

 

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының ХХХІІІ сессиясының
төрағасы                                                          Б. Садықов

 

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының хатшысы                                       Қ. Қазанбаев

 

 

 

 

 

 


Кейін қайту