Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Ноябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Мәслихаттың шешімдері

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІІІ сессиясының 

2018 жылғы  14 қыркүйектегі № 257 шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттар осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымша берілсін.

 

2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

 

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы  Б.Н. Садықовқа жүктелсін.

 

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының ХХХІІІ сессиясының

төрағасы                                                            Б. Садықов

 

 

VІ сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

хатшысы                                                              Қ. Қазанбаев

 

 

 


 

 Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі 

№ 257 шешіміне қосымша

 

 

  

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық
емделу кезінде тегін қосымша берілетін дәрілік заттар

 

Нозология

Дәрілік заттардың атауы

 

Өтініш нысаны

1

Метастатикалық меланома

Дабрафениб (Тафинлар)

75 миллиграммдық капсула

2

Метастатикалық меланома

Вемурафениб (Зелбораф)

Үлбірлі қабықпен қапталған, таблеткалар, 240 миллиграмм

3

Колоректальды

қатерлі ісігі

Регорафениб (Стиварга)

Үлбірлі қабықпен қапталған, таблеткалар, 40 миллиграмм

4

Жүйелі қызыл жегі

Белимумаб

Инфузия ерітіндісін дайындау үшін

концентратты дайындауға арналған, лиофилизат,
400 миллиграмм

5

Созылмалы лимфоцитарлық лимфолейкоз

Ибрутиниб

140 миллиграммдық капсула  

6

Шашыраңқы

склероз

Натализумаб (Тайсабри)

Инфузия ерітіндісін дайындауға арналған

концентрат, 300 миллиграмм/ 15 миллилитр

 


Кейін қайту