Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Ноябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Мәслихаттың шешімдері

«Алматы қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІІІ сессиясының

2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 255 шешімі

  

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласы әкімінің ұсынысы бойынша, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Ғылым мен мәдениет саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін  ғалым-әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Смайылұлы Қирабаевқа  «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілсін.

 

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.

 

 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

ХХХIII сессиясының төрағасы                                                         Б. Садықов

 

 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

мәслихат хатшысы                                                                        Қ. Қазанбаев

 


Кейін қайту