Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Август 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Мәслихаттың шешімдері

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХІ сессиясының «Алматы қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті бекіту туралы» 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 146 шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХХ сессиясының
2018 жылғы 17 шілдедегі № 244 шешімі

 

 

        

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі  «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. VІ сайланғанАлматы қаласы мәслихаты ХХІ сессиясының «Алматы қаласы бойыншатұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті бекіту туралы»    2017 жылғы 15 қыркүйектегі  № 146 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 1405 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 қыркүйекте «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қолданылуы 2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тоқтатылсын.

        

2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

        

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті  және  коммуналдық  шаруашылықты  дамыту  жөніндегі  тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. А. Мәкежановқа жүктелсін.

 

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап  қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

VІ сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

кезектен тыс XXX сессиясының

төрағасы                                                  Б. Садықов

                                                                                           

 

VІ сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

хатшысы                                                   Қ. Қазанбаев

 

 


Кейін қайту