Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Август 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Мәслихаттың шешімдері

2018 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХХ сессиясының
2018 жылғы 17 шілдедегі № 243 шешімі

 

  

   Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 569 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 - бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 5 - тармағына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. Қоса беріліп отырған 2018 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.

 

2. VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXIV сессиясының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 178 «Алматы қаласы бойынша жер үстікөздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1436 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 желтоқсанда          «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

 

3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

 

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсін.

 

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

VІ сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

кезектен тыс XXX сессиясының

төрағасы                                                Б. Садықов

                                                                                   

 

VІ сайланған

Алматы қаласы

мәслихатының хатшысы                           Қ. Қазанбаев

 

 


 

 

VІ сайланған

Алматы қаласы мәслихаты

кезектен тыс XXX сессиясының

2018 жылғы 17 шілдедегі № 243

шешімімен бекітілген

 

 

2018 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің

су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкалары

 

Өзендер, көлдер, теңіздер

бассейні

Тұрғын-үй пайдалану және

коммунал-дық қызметтер,

(теңге/ 1000 текше м.)

Өнеркәсіп,

жылу энергетика-сын қоса есептегенде,

(теңге/ 1000 текше м.)

Ауыл шаруашы-лығы

(теңге/ 1000 текше м.)

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашы-лықтары,

(теңге/ 1000 текше м.)

Су энергетика,

(теңге/1000 кВт. сағат)

Су көлігі,

(теңге/ 1000 т. шақы-рым)

Балқаш және Алакөл көлдері бассейні

 

102,3

 

282,5

 

81,3

 

77,7

 

30,0,

 

8,8

 


Кейін қайту