Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Июль 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Мәслихаттың шешімдері

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ІІ-ші сессиясының «Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы № 5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс

ХХVІІІ сессиясының 2018 жылғы
24 мамырдағы № 231 шешімі

 

 

   «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы  2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5 тармағына сәйкес VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

 

1. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ІІ-ші сессиясының «Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы № 5 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 

2 тармағындағы «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының м.а.» деген сөздер «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;

5 тармағындағы «Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының м.а.» деген сөздер «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;

6 тармағындағы «Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы» деген сөздер «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;

Жоғарыда аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамына енгізілсін:

Ходжабергенова Гүлнар Махақызы - Алматы қаласы Бiлiм басқармасының басшысы;  

Мусинов Серікбол Рахымқанұлы - Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы;

Аталған құрамынан Рахат Сейдахметқызы Шимашева, Валихан Исаұлы Ахметов шығарылсын.

 

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.М. Еркінбаевқа жүктелсін.

 

 

VІ сайланған

Алматы қаласы мәслихаты

кезектен тыс XXVІІI сессиясының төрағасы 

 

 

 

 

 

Б. Садыков

 

 

VІ сайланған

Алматы қаласы мәслихатының хатшысы 

 

 

 

 

Қ. Қазанбаев

 


Кейін қайту