Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Июнь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Мәслихаттың шешімдері

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLVII сессиясының «Алматы - 2020» даму бағдарламасын бекіту туралы» 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 394 шешіміне толықтыру енгізу туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІІ сессиясының 2018 жылғы
17 сәуірдегі № 210 шешімі

 

 

   Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLVII сессиясының «Алматы - 2020» даму бағдарламасын бекіту туралы»   2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 394 шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

 

аталған шешіммен бекітілген «Алматы - 2020» даму бағдарламасындағы:

«3.3.1. Сапалы білімге, денсаулық сақтауға және басқа да әлеуметтік қызметтерге қолжетімділік» тарауы келесі мазмұндағы 3.3.1.9 бөліммен толықтырылсын:   

 

«Мақсаты 3.3.1.9. Белсенді ұзақ өмір сүру.

 

Нысаналы

индикаторлар

Өлшем

бірлігі

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орындау-шылар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Белсенді ұзақ өмір сүру инфрақұрылымы арқылы қоғамдық әлеуметтік өмірге араласқан зейнеткерлік жасына жеткен адамдар үлесі

%

2,5%

7%

12%

ЖҚӘББ

 

Қойылған мақсаттарға жету жолдары:

  • «Зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру» Жол картасын әзірлеу;
  • Коммуналдық және коммерциялық ұйымдар базасында қаланың әрбір ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын және әлеуметтік клубтарды ашу;
  • Зейнеткерлік арасында демалыс, салауатты өмір салты, спорт және дене шынықтыру картасын кеңейту арқылы зейнеткерлік жастағы азаматтардың интеллектуалдық мүмкіндігін дамыту, денсаулығын нығайту;
  • Зейнеткерлік жастағы азаматтарға әлеуметтік және медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру.».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.А. Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.А. Жүнісоваға (келісім бойынша) жүктелсін.

 

 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихаты

ХХVII сессиясының төрағасы                       К. Матыжанов

 

 

VI сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

хатшысы                                                   Қ. Қазанбаев

 

 

 

 

 


Кейін қайту