Мәслихат хатшысы СТАНИСЛАВ КАНКУРОВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Апрель 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

«Алматы-2025» даму бағдарламасы

БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ

 

Әзірлеу үшін негіздеме

 

   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысы.

 

1. Алматы қаласының негізгі сипаттамалары

 

   Алматы Қазақстанның экономикалық орталығы болып табылады. Қала  8 ауданнан тұрады: Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб.  Алматы қаласы ЖӨӨ–нің көлемі бойынша елімізде 1 орынға ие (2019 жылы 19,5%) және шағын және орта бизнесті дамыту орталығы болып табылады. Қалада ЖӨӨ 2019 жылы жан басына шаққанда 7 183,9  мың теңгені құрады.

   Алматы тартымды өңірлік орталық болып табылады – көші-қон және халықтың табиғи өсімі есебінен халық саны 1 966,8 мың адам деңгейіне (2020 жылғы 1 қарашаға) жетті. Тұрғындардың орташа жасы 33,5  жасты құрайды.

   Алматы  Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолындағы ірі логистикалық хаб болып табылады. Қаланы негізгі қалааралық, халықаралық автожолдар, теміржол және авиация  қатынастары байланыстырады.

   Алматы қаласы  қаржы орталығы болып табылады. Мұнда ел банктерінің 80%-дан астамы, халықаралық компаниялардың  60- тан атсам офистері, Ұлттық банк, қор биржасы орналасқан.

   Алматы қаласында кәсіпкерліктің дамыған экожүйесі бар (DoingBusiness субұлттық рейтингінде 1-орында) және шағын және орта бизнесті, жоғары қаржылық белсенділікті (60%-дан астам кредит), сауда операцияларын (36,5% ел ішінде және 14,8% сыртқы сауда) дамыту орталығы болып табылады.

Алматы елдің ірі білім беру орталығы болып табылады. Алматыда еліміздегі жоғары оқу орындарының үштен бірі және жалпы студенттер санының үштен бірі шоғырланған.

   Қалада республикадағы ең ірі медициналық қызмет көрсетуге арналған инфрақұрылым құрылған: жүздеген мамандандырылған арнайы диагностикалық, емханалық және амбулаториялық ұйымдар, ғылыми-зерттеу және шипажай ұйымдары, әрі түрлі емдеу орталықтары жұмыс жасайды.

   Алматы ірі спорт орталығы болып табылады. Қалада көптеген өңірлік және халықаралық спорттық сайыстар өткізіледі.

   Алматы Қазақстанның мәдениет орталықтарының бірі болып табылады. Қалада жүздеген мәдениет мекемелері (мұражайлар, театрлар, галереялар), шамамен 160-ге жуық сәулет, тарих ескерткіштері мен монументтер орналасқан.

   Алматы өңірлік және халықаралық туристерді тарта отырып, елдің туристік орталықтарының бірі болып табылады.

 

Бағдарламаның бағыттары және мақсаттары

 

«Шетсіз қала» бағыты

Мақсаттары:

Инженерлік инфрақұрылымды базалық қажеттіліктерімен қамтамасыз ету.

Тиімді қалалық мобильділікті қамтамасыз ету.

Әлеуметтік объектілермен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру.

Халықты тұрғын үймен және сапалы тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету деңгейін арттыру.

«Ақылды» қала бағыты

Мақсаттары:

SMART City қалыптастыру.

Бизнес пен жеке капиталды тарта отырып, «Ақылды қала» бастамаларын іске асыру.

«Тең мүмкіндіктер қаласы» бағыты

Мақсаттары:

Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік әл-ауқат салаларында жергілікті бастамалардың әлеуетін іске асыру.

Білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру.

Халықтың денсаулығын және бұқаралық спортпен айналысуын қамтамасыз ету.

Жаңа жұмыс орындарын құру.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жайлы орта құру.

«Қауіпсіз қала» бағыты

Мақсаттары:

Қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру.

Төтенше жағдайдың алдын алу инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейін ұлғайту.

«Жасыл қала» бағыты

Мақсаттары:

Қалдықтарды өңдеудің заманауи жүйесін құру және қала аумақтарының тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету.

Қаланы абаттандыру және көгалдандыру.

Стационарлық көздермен атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуын төмендету.

«Жаһандық іскерлік орталық» бағыты

Мақсаттары:

Экономиканың дәстүрлі және басым секторларын дамыту.

Кәсіпкерлікті, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және қолдау.

Инвестицияларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту.

Туризмді дамыту.

«Мәдени креативті қала» бағыты

Мақсаты: Халықтың мәдени деңгейін арттыру

 

2. Ағымдағы жағдайды талдау

 

   Алматы қаласы ұзақ жылдар бойы елдің басқа өңірлері арасында көшбасшылық орынға ие бола отырып, еліміздің ірі қаласы,  республикалық бюджеттің доноры болып табылады.  2019 жылы ЖӨӨ 13,5 трлн. теңгені құрады, республиканың ЖІӨ-гі үлесі 19,5%-ды құрады, 2019 жылы салық және төлемдер түсімдерінде – 23%.

   2020 жылғы 1 қарашадағы  жағдай бойынша қала халқы 1966,8 мың адамды құрайды, халықтың тығыздығы – 1 шаршы км-ге 2720 адам.

   Алматы - сервистік экономикасы бар қала. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ құрылымындағы сауда және қызмет көрсету салаларының үлесі 65,7%-ды алады.  Көтерме және бөлшек сауда секторы қала экономикасына ең көп үлес қосады және 35,7%-ды құрайды.

   2019 жылы ЖӨӨ-нің жалпы көлемінде секторлардың үлес салмағы: өнеркәсіп - 4,8% , ауыл шаруашылығы – 0,05%,  құрылыс – 2,2%, сауда – 35,7%, қаржы және сақтандыру қызметі – 8,7%, көлік және қоймалау – 5,6%,  байланыс және ақпарат – 4,6% және өзгелері – 38,4%.

   Сауда және қызметтер қала экономикасының дамуын анықтайтын негізгі салалар болып табылады. Алматы жалпы республикалық көрсеткіште сауданың үлес салмағы бойынша 1-ші орынды алады, 2019 жылы қаланың ЖӨӨ-не (35,7%), өнеркәсіпті дамытуға бірнеше есе көп үлес қосты, сондықтан осы секторда өсу әлеуеті бар.

   Алматы нақты секторда еңбек өнімділігі бойынша дүниежүзіндегі басқа қалалардан біршама артта қалып отыр, ол Алматыдағы  сауда және қызмет көрсету секторларынан айтарлықтай төмен. Орта есеппен алғанда Алматы қаласындағы қызмет көрсету саласындағы еңбек өнімділігін дүниежүзінің басқа қалаларымен салыстыруға болады. Алайда кіші секторлар арасында өнімділік бойынша біршама айырмашылықтар байқалады.

   Алматы қаласының өнеркәсібін 1629 кәсіпорнын құрайды, оның 7,4%-ы ірі және орта кәсіпорындар санатына жатады. Олар өнеркәсіп өнімінің 75,4% көлемін өндіре отырып, қала индустриясының негізін құрайды.

   2017-2019 жылдар кезеңінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі тұрақты өсу үрдісінде болды (2017 жылы - 902,5 млрд.теңге, 2019 жылы - 1001,2 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексінің орташа жылдық өсу қарқыны 107,3%-ды құрады.

   Индустриялық аймақ өнеркәсіптік әлеуетті іске асырудың якорлы жобасы болып табылады.  Аумақтың жалпы ауданы 490 га. құрайды, оның ішінде 326 га. (164 га. инфрақұрылымға) жобаларға бөлінді. 8,5 мың жұмыс орындарын құра отырып, 260 млрд. теңгелік 58 компания резиденттер болып табылады.

Алматы шағын және орта кәсіпкерлік шығаратын нақты өнімінің көлемі бойынша еліміздің көшбасшысы болып табылады. Шамамен 190,2 мың шағын және орта бизнес субъектілері ЖӨӨ-нің 40,5% - ын, салықтың 65,4% - ын, 600 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді. ШОК өнімдерін шығару 2019 жылы 8022,2 млрд.теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 13,5% - ға артық.

   Бизнесті қолдау бойынша жүйелі жұмыс аясында тәсілдер өзгертілді.  Осылайша, «Almaty Business-2025» бағдарламасы әзірленді, «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы құрылды. Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қызметі, оның жұмысын, бірінші кезекте, шағын және орта бизнесті қолдауға және инвестициялар тартуға бағдарлай отырып, қайта форматталды. Өңірлік даму институттарын оңтайландыру есебінен «Almaty Finance» және «Almaty»  ШҚҰ құрылды. Аталған институттар ШОБ үшін қарыз алу құнын төмендетуге бағытталған (2% – көп балалы аналарға, 7% - кәсіпкерлерге). Банктер жыл сайын ШОБ субъектілерін шамамен 750 млрд.теңге сомаға қаржыландырады.

   Соңғы үш жылдың ішінде «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасының шеңберінде 390 жоба қаржыландырылды, 14,9 млрд. теңге көлемінде субсидия төленді.

   Алматы ең инвестициялық-тартымды өңірлерінің бірі  болып табылады. 2017-2019 жылдары Алматы қаласы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 644,4 млрд. теңгеден 820,4 млрд. теңгеге дейін өсті, инвестициялардың орташа жылдық өсу қарқыны 108,3%-ды құрады.

   Бірқатар іс-шаралар іске асырылуда, осылайша 2019 жылы «Almaty Investment Forum 2019»  инвестициялық және инновациялық форумы өткізілді, Almaty Invest толық форматты инвестициялық блогы құрылды, ол ӘКК шеңберінде инвестициялар тартудың негізгі драйвері және «Qolday'» кәсіпкерлік орталығы болады, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру, сондай-ақ капиталды көп қажет ететін және ұзақ мерзімді жобаларға, оның ішінде халықаралық қаржы ұйымдарына стратегиялық әріптестерді тарту бойынша әрекет етеді.

   Мұнда ақпараттық – коммуникациялық технологияларға, электроника және аспап жасауға, жаңартылатын энергия көздеріне, жаңа материалдар жасауға мамандандырылған «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 175 компания АЭА қатысушылары болып табылады, олардың 105-і өз қызметін «эксаумақтылық» қағидаты бойынша жүзеге асырады.

   Білім беру саласында 893 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 80 пайызын жеке меншік балабақшалар мен шағын орталықтар құрайды. Тек соңғы 3 жылдың ішінде 14 583 орынға  арналған 489 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 1 280 орындық  6 мемлекеттік балабақша, 13 303 орындық  483 жеке меншік балабақша  ашылды. 2019 жылы 3-6 жастағы балаларды қамту 87%-ды құрады.

   Орта білім беру жүйесінде 2019 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша 259 орта білім беру ұйымы, оның ішінде 243 983 оқушы контингенті бар 204 мемлекеттік мектептер, 13 321 адамнан тұратын 55 мемлекеттік емес мектептер жұмыс істеді.

   Есепті кезеңде мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті біліммен қамту 32,7% -дан 33,5% -ға дейін өсті. Қалада ерекше қажеттіліктері бар 11 714 бала бар.

   Жеке меншік білім беру ұйымдары үлесінің өсуінің жоғарылығы - жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу және субсидиялау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру есебінен жеке бизнесті дамыту жөнінде қабылданған шаралардың нәтижесі.

   Соңғы 3 жылда озық әлемдік тәжірибеге сәйкес жүргізілген трансформация әсерінен қаланың денсаулық сақтау жүйесінің маңызды өсуіне қол жеткізілді. Үш жылдың ішінде (2017-2019 жж.) Алматы қаласы халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 76,01 жастан 75,45 жасқа дейін төмендеді. Алматы қаласының көрсеткіші ел бойынша орташа деңгейден жоғары, онда ол 2019 жылдың қорытындысы бойынша (соңғы жарияланған деректер 73,18 жасты құрады).

   3 жыл ішінде 12 денсаулық сақтау объектісі салынды, олар қызмет көрсету сапасын арттыруды және қала тұрғындарының қол жетімділігін қамтамасыз етеді.

   Алматы қаласы республиканың мәдени орталығы болып табылады. Мұнда 135 мәдениет объектісі мен ұйымдары бар, оның ішінде 41 республикалық, 10 қалалық, 6 ведомстволық және 47 жекеменшік. Олардың ішінде 18 театр, 31 кітапхана,  25 мұражай, 8 мәдени-демалыс ұйымдары, 21 кинотеатр бар. Сондай-ақ, Алматыда 139 тарих және мәдениет ескерткіші бар.

   Халықтың барлық санаттарын қаланың мәдени өміріне тарту және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында, қалада жақын және алыс шетел өкілдерінің қатысуымен ірі жергілікті іс-шаралар, көрмелер, фестивальдар және т.б. өткізіледі.  Тек  2019 жылы 2,1 млн.адамды қамтыған 232 іс-шара өткізілді.

   Қалада спорт саласында 12 стадион, 31 спорт кешені, 47 жүзу бассейні, 5  оқу – жаттығу кешені, қаланың жоғарғы оқу орындары мен мектептері жанындағы 403 спорт нысандары, 1 шаңғы трамплині, 1 ипподром, 1 сырғанау стадионы («Медеу» БТК) жұмыс істейді.     

   Спорттың 74 түрімен айналысатын 15 мемлекеттік кәсіпорын жұмыс істейді.  Спортпен айналысатындардың  жалпы контингенті үш жылда 14 852 адамнан 15 234 адамға дейін 2,6% - ға өсті. Қала спортшылары бүкіл республика құрамасының 30%-нан астамын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының басты доноры болып табылады.

   Еңбек нарығындағы жұмыс күшінің саны 2019 жылы 987 мың адамды құрады. Қала экономикасында 936,7 мың адам жұмыспен қамтылды. Басым бөлігін жоғары білімді қала тұрғындары құрайды (66%), бұл Алматының еңбек ресурстарының құрылымын жалпы республикалық көрсеткіштен (36,9%) айтарлықтай ерекшелендіреді.

   2019 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрады (ҚР – 4,8), жыл басынан бері 0,1%-ға төмендеді. Жұмыспен қамтылған халықтың басым бөлігі өз қызметін сауда (24,6%), білім беру (10%), өнеркәсіп (8,6%), құрылыс (7,6%) салаларында жүзеге асырды.

   Жалпы, соңғы үш жылда (2017-2019 жж.) Алматы қаласында 122,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 2019 жылы 47,4 мың жұмыс орны ашылды.

   Зейнетақымен қамсыздандыру көрсеткіштері оң серпінге ие. Сондай – ақ, 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмектің (бұдан әрі - АӘК) жаңа форматына көшу жүзеге асырылды. Бұл ретте АӘК 12,7 мың отбасына 7,1 млрд. теңге сомасында төленді, бұл сома 2018 жылмен салыстырғанда 50 есе өсті.

   Бүгінгі таңда Алматы қаласында 14-тен 35[1] жасқа дейінгі 692 мыңнан астам жас адамдар тұрады (тұрғындардың жалпы санының 37%), оның ішінде 233 мыңнан астамы 39 ЖОО және 80 ТжКБ студенттері. Жыл сайын өңірлерден қалаға 35 мыңнан астам адам келеді.

   «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017-2019 жылдары 29 жасқа дейінгі 34280 адам жұмысқа орналастырылды. Осы кезеңде қысқа мерзімді оқыту курстарына 2573 адам жіберілді. Жалпы, 2017-2019 жылдары 30 мыңнан астам адамды қамтыған 25 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

   Жастарды қолдау аясында 20 - дан астам әлеуметтік жоба іске асырылды, олардың ішінде - «Алматы Жастары», «Жасыл ел», «Self-made», «Жас кәсіпкер», «Бастау бизнес». Барлық осы жобалардың басты мақсаты -жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы және жан-жақты дамуы үшін жағдай жасау, оларды мегаполис жағдайында өмірге бейімдеу.

   Алматы Қазақстанның туристік индустриясының орталығы болып табылады.  2019 жылы орналастыру орындары 1 334,2 адамға қызмет көрсетті, бұл шамамен республикалық көрсеткіштің бестен бір бөлігі – 4,8 млн.адам (20%). 3 жыл ішінде туристер саны 21,2% - ға артты. Келетін туристердің көпшілігі іскерлік туризм желісі арқылы келеді.

   Шамамен әрбір екінші шетелдік турист Алматы қаласына келеді. Тек TripAdvisor-да 3 жыл ішінде келушілер саны 300 есе өсті.

   Алматы қаласындағы туризм көрсеткіштерінің өсуіне қалада ірі іскерлік, оқиғалық және спорттық іс-шаралар, белсенді онлайн ілгерілету, маркетингтік шаралар, халықаралық туристік көрмелерге қатысу, әлемнің фокустық нарығында конференция өткізуге ықпал етті.

   2017-2019 жылдар аралығында байланыс және коммуникация нарығы түсім көлемі бойынша жыл сайын 4%-ға  ұлғайды  және 2019 жылы 490,6 млн.теңгені құрады. Ұялы байланыстың Алматыға ену деңгейі өмір сүру деңгейінің жоғары болуына байланысты Қазақстан бойынша орташа статистикалық көрсеткіштерден жоғары екенін атап өткен жөн.

   2017 жылдан 2019 жылдары  құрылыс нарығының көлемі ақшалай түрде 2017 жылы 315,8 млрд. теңгеден  2019 жылы 364,6 млрд. теңгеге дейін өсіп, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексінің орташа мәні 103,4% - ды құрады.

   Тұрғын үй құрылысының сегменті ғимараттар құрылысының барынша ірі құрамдас бөлігі болып табылады. Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданы соңғы үш жылда 6 011,2 мың ш.м. құрады, орташа жылдық өсу қарқыны 105,1% - ды құрады. 2019 жылы тұрғын үйді іске қосудың өсу қарқыны 104,8% - ды құрады (республикалық көлемдегі үлесі 16,0% - ды құрады).

   Көп балалы отбасылар үшін «Бақытты отбасы» қалалық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды және табысты іске асырылуда. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастар үшін 1 020 пәтер сатып алынды. Көп балалы отбасылар, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 30 көппәтерлі үй пайдалануға берілді. «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастар 1 000 пәтермен қамтамасыз етілді.

Соңғы үш жылда көлік саласы тұрақты қарқынмен дамыды, жолаушылар айналымы 43% - ға ұлғайды.

   Көлік инфрақұрылымы саласында 3 жыл ішінде 42 км. жаңа жол салынды, 2 жолайрық іске қосылды және Төле би көшесін ШААЖ – ға дейін ұзарту, 6,6 км. жолға күрделі жөндеу жүргізілді және жалпы ұзындығы 460 км. 530-дан астам көшеге орташа жөндеу жүргізілді. 1 жер асты және 10 жер үсті өткелдері іске қосылды, метро жолаушылар ағыны 20% - ға артты. Жүйелі негізде жылжымалы құрам жаңартылады. Осылайша, соңғы үш жылда 1408 бірлік жылжымалы құрам сатып алынды.

   Алматы қаласының инженерлік инфрақұрылымының жүйесі күрделі. Алматы қаласын орталықтандырылған электрмен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі 100% - ды құрайды. Қалада жылу өндірісінің негізгі көзі көмір болып табылады.  Жалпы, 2019 жылға деректер бойынша қатты және сұйық жанар-жағармай өндірісі 98%-ды құрайды.  «Алматыжылукоммунэнерго»  ЖШС-ның  балансында 79 қазандық бар (оның 76-сы газдандырылған).

Инженерлік желілердің едәуір тозуына және ұзақтығының ұлғаюына байланысты, 2019 жылы қайта жаңартылатын желілердің пайызы 2017 жылғы 1,2% - ға қарағанда барлығы 1,08% - ды (жалпы ұзындықтан) құрады.

   Қалада газ таратумен айналысатын 4 ірі кәсіпорын бар, олардың ішіндегі ең ірісі «ҚазТрансГаз – Аймақ» АҚ-ның АПФ болып табылады. Алматыда газбен қамтамасыз ету деңгейі өте жоғары. 3 жылдың ішінде газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 95% - дан  99% - ға дейін өсті.

   Экология. Алматы Қазақстанның ауаның ластану деңгейі көп жылдар бойы жоғары болып келетін қалаларының қатарына жатады. 2019 жылы атмосфераға қаладағы стационарлық көздерден тараған зиянды заттардың нақты шығарындылары 46,1 мың тоннаны құрады. Ластанудың барлық стационарлық көздерінен шығатын ластаушы заттардың жалпы санынан зиянды заттардың 95,5% - ы ұсталып, залалсыздандырылды.

   Алматы қаласында атмосфераны негізгі ластаушы көзі автокөлік құралдары болып табылады. Көліктен шығатын ластаушы заттар көлемінің артуы көліктер санының жыл сайын артуымен және қаладағы автопарктің ескіруімен байланысты. Сонымен қатар, Еуро-5 класына сәйкес келетін автомобильдер саны да артып отырғанын айту керек.

   Соңғы жылдардағы Алматы қаласы аумағындағы жедел жағдайды талдай отырып, криминогендік жағдай  тұрақталды. Ішкі істер департаменті соңғы үш жылда қылмысты тіркеу мен есепке алуды түбегейлі өзгертуге, қылмыспен күресуге және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды (2017 жылы қала бойынша – 62.811 қылмыс тіркелген, 2018 жылы – 61.735 (1,7% - ға төмендеген), 2019 жылы олардың саны 53.580-ге дейін 13,2% - ға төмендеген).

   2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қалада қылмыс 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда барлық бағыттар бойынша 47,8% - ға қысқарды (49.810-нан 25.984-ке дейін).

   Тәулік сайын қалада қоғамдық тәртіпті сақтауға 2 мыңнан астам полиция қызметкерлері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері шығарылды, олар 550 патрульдеу бағытын қадағалады. Сондай-ақ, 2019 жылы полицияның 13 фронт офисі ашылды. «БДД» ААЖ жобасы бойынша 694 бейнекамерадан тұратын 105 бекет пайдалануға берілді. «Қауіпсіз аула» қағидаты бойынша 7490 аула аумағында 45994 көппәтерлі үйлер, 13086 жеке тұрғын үйлерде 30154 бейнекамера аулаларды күзетіледі.  

   Төтенше жағдайлардың алдын алусаласында 2017-2019 жылдары cу тасқындарына, селдерге, көшкіндерге, жер сілкіністеріне, өрттерге қарсы іс-қимыл инфрақұрылымның қамтылу деңгейі 53%-дан 56%-ға дейін өсті. Селден қорғау мәселесін түбегейлі шешу үшін ТЖК қолдауымен 2019 жылы 123,6 км арық желілерін қайта жаңарту және салу, сондай-ақ «Есентай» (5,1 км), Үлкен және Кіші Қарасу (6,2 км) өзендерінің су тасқыны қаупі бар арналарын жағалауды нығайту және абаттандыру аяқталды. Алдын алу жұмыстары жүргізілді, бұл ішкі арналарға қысымды төмендетуге мүмкіндік берді, осылайша Қарғалы өзенінің арнасына ірі сел массасының шығарылуына жол бермеді. Нәтижесінде Қарғалы және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде орналасқан 3 көл толығымен босатылып, ал басқа 6 көлде су деңгейі қауіпсіз белгілерге дейін төмендетілді. Сондай-ақ, сел қаупінің автоматтандырылған мониторингін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Негізгі мәселелердің кешенді сипаттамасы

 

   Көші-қон ағыны және урбанизациялау дағдарысы.Жыл сайын қала халқы 50 мыңнан астам адамға өсіп келеді. Оның 60% - ы көші-қон есебінен. Бұл қаланың барлық әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылымының шамадан тыс жүктелуіне алып келеді. Бағалау бойынша, өз пәтері жоқ Алматылықтардың 80% - дан астамы ипотекаға пәтер ала алмайды, сондықтан жалға берілетін тұрғын үйде тұруға немесе қымбат емес жеке үй салуға/сатып алуға мәжбүр. Қаланың таралып кетуімен және инфрақұрылымға жұмсалатын шығыстардың өсуімен бақыланбайтын субурбанизация тәуекелі артуда.

   Қала аудандары арасындағы дамудың сәйкессіздігі, халықтың бір бөлігінің кедейлену және маргиналдану тәуекелі.

   Қаланың кеңістіктік дамуында соңғы онжылдықта аумақтардың қосылуымен де, көші-қон ағынымен де байланысты бірқатар кемшіліктер бар.

   Райымбек даңғылының солтүстігіндегі «төменгі» бөлігіндегі аудандар мен шет аймақтарға қарағанда қаланың орталық бөлігі әлеуметтік игіліктермен әлдеқайда жақсы қамтамасыз етілген.

   «Жоғарғы» аудандарда білім беру объектілерінің 60% - ы, 20 театрдың 18-і, 24 музейдің 23-і, қаланың 18 саябағының 13-і шоғырланған.  Қаланың орталық бөлігіндегі қалалық ортаның сапасы жоғары болғандықтан, онда жоғары ақы төленетін жұмыс орындары шоғырланады. Орталықтың және қала шетіндегі және қала маңындағы даму деңгейіндегі алшақтық, маятниктік көші-қон мен жолдардағы кептелістердің негізгі себебі болып табылады.

Ескірген инфрақұрылым.

   Соңғы 10 жылда қалаға жаңа аумақтардың қосылуы нәтижесінде қала алаңы 2 еседен астам өсті. Бұл ретте жаңа аудандарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттілігі күрт өсті.

   Аса өткір инфрақұрылымдық проблемалардың ішінде мыналарды атап өту қажет: инженерлік желілердің тозуы 60% - дан асады; орталық сумен жабдықтау және су бұру қаланың 23 шағын ауданында жоқ; көшелердің 30% - ы жарықтандырылмаған немесе ішінара жарықтандырылған. Қосылған аумақтары бар аудандарда көшелердің 40%-ға жуығы жарықтандырылмаған; қаланың 3 мың км-ден астам көше-жол желісінің 30% - ы негізінен жаңа Алматыда, нашар жағдайда; аудандардың бір бөлігі тұрғын үймен және мектептермен жеткілікті қамтамасыз етілмеген. Мектептермен қамтамасыз ету жаңа Алматыға қарағанда 1,5 есе төмен.

   Қалада оқушы орындарының тапшылығы бар, ол 30 мыңнан астам орынды құрайды, бұл жыл сайын 15 мың оқушыға контингенттің өсуімен байланысты, балабақшаларда контингенттің өсуі 9,8 мың баланы құрайды.

   Инженерлік желілерді ауыстыру және жөндеу қарқынының тозу қарқынынан артта қалуы байқалады. Желілердегі шығындар деңгейі көптеген қалаларға қарағанда жоғары.

   Көлік мәселелері. Алматыда күн сайын қоғамдық көлікпен, оның ішінде метромен 1,2 млн. жол жүріледі.

   Қаладағы автомобильдердің артық болуы ауаның ластану деңгейінің жоғарылауына және кептелістің пайда болуына әкеледі. Автомобильдендірудің өсуіне отынның қалыпты бағасы, жол айрықтарын салу арқылы жол инфрақұрылымын кеңейту, сондай-ақ қоғамдық көліктің қанағаттанарлықсыз жұмысы ықпал етті.

   Қауіпсіздік қатерлері. Алматыда ел халқының 10% - ы тұрады, бірақ қылмыстың 22% - ы жасалады (2019 жылы 53580 құқық бұзушылық, республика бойынша 236594 құқық бұзушылық жасалды). Қалада елдегі барлық ЖКО 30% - ы орын алады, ал зардап шеккендер саны жалпы елдің төрттен біріне жетеді. ТЖ тәуекелдерімен бірге бұл қаланың тұру, жұмыс істеу, қонақтарды қабылдау үшін тартымдылығына теріс әсер етуі мүмкін.

   Күрделі экологиялық жағдай.  Жыл сайын қала аумағында атмосфераға 122 мың тоннадан астам зиянды заттар шығарылады, оның ішінде шығарындылардың 65% - ы көлікке тиесілі. Бұл 500 мыңнан астам қалалық көлік және басқа қалалардан 200 мыңға жуық көлік. Қаланың 25%-дан астамын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 шығарындылары 2019 жылы 31,7 мың тоннаны құрады.

   Бір алматылыққа жалпы пайдаланудағы жасыл желектердің 3,5 ш.м. тиесілі. Бұл көрсеткіш бойынша Алматы бірқатар қалалардан едәуір артта қалып отыр. Қаладағы 2,23 млн.ағаштың тек 1,68 млн. ғана сау деп танылған, 25% - ға жуығы апатты және әлсіреген жағдайда.

   Экономикалық өсудің баяулауы.2018 жылы қала экономикасы халық өсімі деңгейінде небәрі 3% – ға өсті. Экономикалық дамудың төмен деңгейі қала халқының әл-ауқатының жалпы деңгейінің төмендеуіне әкеп соғады.

 

Бәсекелестік артықшылықтар

 

   Іскерлік астана.  Алматы - кәсіпкерлік бастама мен жеке капитал қаласы. Халықтың 10% - ы тұратын және елдің ЖІӨ-нің 20% - ы қалыптасатын Қазақстанның ең ірі қаласы, бюджетке 23% - дан астам түсімдер түседі. Қалада банктердің кредиттік портфелінің 60% - ы, ел ішіндегі 36,5% - ы және елдің сыртқы саудасының 14,8% - ы шоғырланған.

   Дүниежүзілік Банк Алматыда бизнес жүргізу шарттарын Қазақстан бойынша үздік деп таниды. Алматы бойынша Қазақстанның Doing Business жаһандық рейтингіндегі орны анықталады, еліміз 2018 жылғы 36-шы орыннан, 2019 жылы еліміз 190 мемлекет арасында 25 орынға шықты.

   Еліміздің өңірлерімен салыстырғанда өмір сүрудің жоғары деңгейі. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша (7,2 млн. теңге/адам) Алматы Атырау облысынан кейін елде 2-ші орын алады, күтілетін өмір сүру ұзақтығы бойынша (75,45 Жас) Нұр-сұлтан қаласынан кейін екінші орында.

   Ғылым және білім беру мекемелерін шоғырландыру. 2019 жылдың соңында елімізде ҒЗТКЖ жүзеге асыратын 384 ұйым мен кәсіпорын болды. Олардың үштен бірінен көбі (135 ұйым) Алматыға тиесілі. Мұнда 144 мың студент контингенті бар 41 жоғары оқу орны орналасқан, оның 6-ы QS World Universities Ranking 2020 нұсқасы бойынша әлемнің 1 000 үздік жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  207 позицияда көш бастап тұр.

   Табиғи-климаттық әртүрлілік және туристік қызығушылықтың бірегей объектілерінің болуы. Биіктігі 4 мың метрден астам шыңдары бар тау сілемдері, сирек флора мен фаунасы бар табиғи парктер, тарих және сәулет ескерткіштері, спорттық-рекреациялық инфрақұрылым объектілері, қала маңындағы Қазақстан казиносының 2 аймағының бірі – эко -, этно-, спорттық, ойын туризмі мен қонақжайлылық индустриясының дамуына ықпал етеді.

   Қазақстандағы ең ірі көлік-логистикалық хабы және «Жібек Жолы» қалаларының бірі. Қала Жаңа Жібек жолы бағыттарының бірінде ыңғайлы орналасқан, бұл тауарларды жеткізумен, сақтаумен, өткізумен байланысты бизнесті дамыту үшін жоғары тартымдылыққа ықпал етеді.

 

Алматы қаласын дамыту мүмкіндіктері

 

   Орталық Азия үшін халықаралық саяси және оқиғалық орталық ретінде қалыптасу. Қала географиялық жағынан ыңғайлы орналасқан және кең ауқымды іс-шараларды өткізу үшін жақсы дамыған инфрақұрылымға ие. Халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер, конгресс-орталықтар және үлкен алаңы бар спорт нысандары қаланың маңызды салыстырмалы артықшылығы болып табылады.

   Креативті экономиканы дамыту. Алматыда Қазақстанның креативті индустрияларының барлық кәсіпорындарының 44% - дан астамы орналасқан (жарнама, сәулет, дизайн, бағдарламалау, сән, театр және т.б. 8 мыңға жуық кәсіпорын). Алматының бүкіл Орталық Азия өңірінің креативті экономикасы мен инновациялық өндірістерінің орталығына айналуға барлық мүмкіндігі бар.

   АКТ және цифрландыру есебінен тиімділікті арттыру. Цифрландырудың әлемдік тренді, тиімділікті арттырудың көзі бола алады. Алматыда тіршілік әрекетінің көптеген салалары цифрлық шешімдердің арқасында оңтайландырылуы мүмкін.

   Басты назарда – адам. Әлемдік тәжірибені зерделеу, табысты қалалардың  – адами-орталықтандырылғанын көрсетеді. Жұртшылықпен диалог дамудың негізгі проблемаларын айқындаудың тиімділігін арттыруы, ықтимал шешімдер тізбесін ұлғайтуы және оны дамыту мақсатында жергілікті басқару органдары мен қала тұрғындарының жұмысын үйлестіруі мүмкін.

 

толық ақпарат pdf форматында - program_kz2021-2025.pdf [320,72 Kb] (cкачиваний: 29)

 

 


Кейін қайту