Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Октябрь 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Блог

Өмірбаян

ҚАЗАНБАЕВ ҚАЛДЫБАЙ ОМАРҰЛЫ

V-ші сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы

 

      Қазанбаев Қалдыбай Омарұлы 1956 жылы 23 ақпанда Талдықорған облысының Киров ауданының Көксу ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Одессаның политехникалық институтына   «көтергіш-көлік машиналары мен жабдығы» мамандығы бойынша түсіп және 1977 жылы «инженер-механик» мамандығын алып бітіріп шықты. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін жолдама бойынша «Қазгипроместпром» институтына инженер-қурастырушы болып жұмысқа тұрды. 1979 жылы Октябрьдің ХХ жылдығы атты зауытқа ауысты. Шебер, аға шебер, механик болып жұмыс істеді.

      1983 жылдың қыркүйегі мен 1984 жылдың мамыр айларының аралығында «Қызыл Ту» ӨБ өндірісті дайындау бөлімінің бастығы болы қызмет атқарды. Ал 1984 жылдың мамыр айында Кеңес Армиясының қатарына шақырылып 1986 жылдың мамыр айында дейін әскери борышын атқарды. 1986 жылдың шілде айы мен 1988 жылдың қыркүйек айының аралығында ҚазКСР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің аппаратында жетекші инженер, министрдің көмекшісі болып жумыс істеді. 1988 жылдың қазан айынан бастап «Қазлифт» трестіне басқарушының орынбасары қызметіне ауысты. Ал 1990 жылы «Қазлифт» трестіне басқарушы болып тағайындалды. 1992 жылдан бастап 2014 жылға дейін «Алматылифт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қызметін атқарған. 2014 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласы мәслихатының хатшысы. 

     Қазанбаев Қалдыбай Омарұлы «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне    10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалдарымен марапатталған. Сонымен қатар, Алматы қаласының Әкімінің құрмет грамоталарымен, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының құрмет грамотасымен, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Алматы қаласы балалардың құқықтарын қорғау департаменті» мемлекеттiк мекемесінің алғыс хатымен және «Парыз» дипломымен марапатталған.