Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Май 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

Экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

2018 жылғы 13 сәуірде VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырыс жұмысына комиссия төрағасының орынбасары В.Ли, комиссия мүшелері А.Котенев, Ж.Төлегенова, М.Хасенов, мәслихат депутаты Н.Ниязова және Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М.Отыншиев, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Доңбаев, Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ә.Өскенбаев, Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары А.Төлеутаева, Алматы қаласы жастар саясаты жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Д.Шоңжігітова қатысты. Комиссия отырысында «V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLVII сессиясының «Алматы-2020» даму бағдарламасын бекіту турады» 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 394 шешіміне толықтыру енгізу туралы», «VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXV сессиясының «Алматы қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 182 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелері талқыланды. Аталған сұрақтар бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мейіржан Батырбекұлы Отыншиев, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Алтынай Жақсыбекқызы Төлеутаева баяндама жасады.

 

Заседание постоянной комиссии по экономике и бюджету

 

Заседание постоянной комиссии по экономике и бюджету

 

Заседание постоянной комиссии по экономике и бюджету

 

 


Кейін қайту