Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Май 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының 2017 жыл ішінде атқарған жұмысы туралы депутаттық тыңдаулар

2018 жылғы 13 наурызда Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының 2017 жыл ішінде атқарған жұмысы туралы депутаттық тыңдаулар өтті. 2017 жыл ішінде атқарған жұмысы туралы басқарма басшысы Нұрлан Тельманұлы Уранхаев баяндама жасады. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы өз қызметін «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңына, басқа да заңнамалық актілерге, әкімдіктің қаулыларына, мәслихаттың шешімдеріне және басқарманың ережелеріне сай атқарады. Қалалық мәслихатта бекітілген қала құрылыстық регламенттер жоспарын  және қаланың Бас жоспарын жүзеге асыру аясында түрлі мақсаттағы нысандарды жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмалары дайындалады және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы сәулет-жоспарлау тапсырмаларының талаптарына, қалақұрылыстық регламент жоспарына, Бас жоспар ережелеріне олардың сәйкестігі жөнінде жобалау материалдары бойынша келісімдер беріледі.Келіп түскен өтініштер бойынша 2568 СЖТ дайындалып берілген,  ұсынылған жобалау материалдары бойынша 964 келісімдер берілді. Барлық қаралғаны – 48 жоба. Олардың ішінде: сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) берілгені – 20; қала құрылысы жобасы – 4; регламент – 1; Алматы қаласының туристік брэнді дизайнының жобасы – 1; жоба бойынша келісімдер берілді – 10. Тыңдаулар барысында депутаттар тарапынан Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жұмысы бойынша нақты ұсыныстар жасалды. Жалпы алғанда, Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланды.

 

 

Депутатские слушания о работе Управления архитектуры и градостроительства города Алматы

 

Депутатские слушания о работе Управления архитектуры и градостроительства города Алматы

 

Депутатские слушания о работе Управления архитектуры и градостроительства города Алматы

 

 


Кейін қайту