Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Май 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының 2017 жыл ішінде атқарған жұмысы туралы депутаттық тыңдаулар

2018 жылғы 14 ақпанда Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының 2017 жыл ішінде атқарған жұмысы туралы депутаттық тыңдаулар өтті. 2017 жыл ішінде атқарған жұмысы туралы басқарма басшысы Мақсат Сәкенұлы Қиқымов баяндама жасады. Тыңдаулар жұмысына Алматы қаласы Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Басқарма баяндамасына сәйкес, 2017 жылы Жергілікті тауар өндірушілерін қолдау мақсатында 2017 жылы тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сатып алуларындағы Қазақстандық қамтуды ілгерілету және өнеркәсіп кәсіпорындарының қуатын жүктеу жөніндегі кешенді жоспар іске асырылды. Білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларындағы жергілікті қамтудың мониторингі жөніндегі Комиссияның 5 мәжілісі өткізілді. Алатау ауданында алаңы 490 гектарды құрайтын Алматы Индустриалды аймағы құрылды. 2017 жылы Индустриалды аймаққа 16 жаңа қатысушы енгізілді, міндеттемелерін орындамауына байланысты, 8 қатысушы аймақтан шығарылды. Бүгінгі күні, 180 млрд. теңгені құрайтын (5 мың жұмыс орындары) 41 компания аймақтың резиденті болып табылады. 8,5 млрд. теңгені құрайтын (252 мың жұмыс орындары) 3 жоба іске  қосылды, оның ішінде, 2016 жылы BRB APK жылыжай кешені, 2017 жылы Almapack қағаз қаптарының өндірісі және DOC Co картридждер өндірісі бойынша зауыттары іске қосылды. 12 компания белсенді түрде құрылыс жүргізуде, 7 компания жер қазу жұмыстарын жүргізді, 19 компания дайындық және жобалау жұмыстарын жүргізуде. Алматы қаласының Кәсіпкерлікті қолдау картасына 211 млрд.  теңгені құрайтын (12 мыңнан астам жұмыс орындары) 109 жоба енгізілді. 2-ші бесжылдықта жобалардың саны 1-ші бесжылдықпен салыстырғанда, 5 есеге артты. 2018 жылы 1,9 мың жұмыс орындарын құра отырып, 50 млрд. теңгені құрайтын 21 жобаны ашу жоспарланып отыр.

Тыңдаулар барысында депутаттар тарапынан Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жұмысы бойынша нақты ұсыныстар мен ескертпелер жасалды. Осыған байланысты басқарма айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді ескере отырып басқарама есебін қайта қарауға енгізуі қажет. 

 

 

Депутатские слушания о работе Управления предпринимательства и индустриально-инновационного развития города Алматы

 

Депутатские слушания о работе Управления предпринимательства и индустриально-инновационного развития города Алматы

 

 


Кейін қайту