Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Февраль 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728 

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау

2018 жылғы 24 қаңтарда VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылады. «...Биылғы жыл елімізде технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және жүйелі өзгерістермен басталды. Цифрлық Қазақстан кешенді бағдарламасы негізінде енгізілген жаңалықтар мен озық жетістіктер халқымыздың өмір сүру сапасын өсіруге, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал еткенін  уақыт көрсетіп отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа Жолдауында айтылғандай, ендігі кезекте төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы еліміздің одан әрі дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашу – осыған дейінгі жүзеге асырылған стратегиялық бастамалардың тікелей жалғасы болып табылады. Ең алдымен, бұл тарихи құжатта адам капиталын жан-жақты қалыптастыру – жас мемлкетіміздегі жаңғырудың негізі екендігі баса айтылды.  Біздің алға қойған ең басты межеміз де осы – заман өзгер-ген соң, біз де өзгеруіміз керек. Ұлттық сананы көтеру, жүйелі білім, қолжетімді медицина және халықты жұмыспен қамту мәселелерін дұрыс ұйымдастыру арқылы қоғамда айтулы өзгерістерге қол жеткізуге  болады», - деді құрылыс және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, «Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасының орынбасары С. Канкуров. 

 


Кейін қайту