Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Апрель 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVI сессиясы

2018 жылғы 24 қаңтарда VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVI сессиясы өтті. Кезекті сессия отырысы барысында келесі сұрақтар қарастырылды:  «2012 жылғы 29 ақпандағы V сайланған  Алматы қаласы мәслихаты III сессиясы № 12 «Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкасының кейбір мәселелері туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы», «Алматы қаласының жергілікті полиция қызметі басшыларының есептерін қарау және олардың қызметін бағалау туралы», «Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелерін тағайындау туралы», «№12 және №24 сайлау округтері бойынша депутаттың өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату туралы». Бірінші сұрақ бойынша Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Жанатұлы Ахметов баяндама жасады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы  «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, сонымен қатар «Алматы-2020» даму бағдарламасына сәйкес қазіргі таңда Алматы қаласының әкімдігі нақты уақыт ішінде бақылау және тұрақ транзакцияларын онлайн режимінде Қазақстан Республикасының фискалді органдарына жіберу жүйесі бар алаңқай түріндегі автоматтандырылған тұрақ жүйесін ендіріп жатыр. Инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету, бұрыннан бар алаңқай тұрақтарын ұйымдастыру және жаңғырту, ақша ағынын уақытылы бақылау және айқын ету, бюджетке түсімді қамтамасыз ету мақсатында  2012 жылғы 29 ақпандағы V сайланған  Алматы қаласы мәслихаты III сессиясы № 12 шешімімен бекітілген салық ставкаларының мөлшері бес есеге, яғни 10 еседен 2 есеге дейін қысқартылады.    

Сессия барысында Алматы қаласының жергілікті полиция қызметі басшысы Жасұлан Құдайбергенұлы Байкенов және аудандық ЖПҚ басшыларының есептері қаралды. Есептік кезеңде Алматы қаласының жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігін, сондай-ақ әкімшілік заңнамаларды практикалық қолдануда бірқатар шаралар кешені атқарылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде, қоғамдық орындардар және көшелерде қылмыс жасалуы тұрақтанған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық анықталу, жалпы жергілікті полиция қызметінің көрсеткіштері оңтайланған. Жалпы ЖПҚ қызметі қанағаттанарлық деп бағаланды.  

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлкеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы 6-бабының 2 тармағының 2-1 тармақшасына сәйкес Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына Абилаев Болат Анварұлыжәне Азимханов Нұрлан Анарханұлы тағайындалды.

Аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша №12 және №24 сайлауокругтері бойынша депутаттардың өкілеттігі мерзімнен бұрын тоқтатылды.  

 

 

 

XXVI-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

XXVI-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

XXVI-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

XXVI-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

XXVI-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

XXVI-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

XXVI-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

XXVI-я сессия маслихата города Алматы VI-го созыва

 

 

 


Кейін қайту