Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Декабрь 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының жұмысы туралы депутаттық тыңдауы

2017 жылғы 28 қыркүйекте Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының жұмысы туралы депутаттық тыңдауы өтті. Басқарма әкімдіктің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және жер қатынастары саласында 20 функцияны жүзеге асырады. Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының жұмысы туралы басқарма басшысы Алтынбек Жанатұлы Ахметов баяндама жасады.    

   Жер қатынастары басқармасының басшысы депутаттарға берген ақпаратына сәйкес, 2017 жылдың 6 айында Басқарманың жалпы құжат айналымы 12 748 құжатты құраған, оның ішінде 6 674 жеке тұлғалардың өтініштері, 1 672 заңды тұлғалардан түскен өтініштер, 2 989 құжатты өзге хат-хабарлар.Мониторинг нәтижесі бойынша әкімдікке жеке және заңды тұлғалардан түсетін барлық өтініштердің 65 % (пайызын) Жер қатынастары басқармасының қарауына түсетінін көрсетті. 2017 жылдың 1 жарты жылдығында 12 183 мемлекеттік қызмет көрсетілген, Жер комиссиясының 23 отырысында 4 409 материал қаралып, оның ішінде 3 141-і (71%) қанағаттандырылған, ал 1 268-і (29%) материал бойынша бас тарту туралы шешім қабылданған.

   2017 жылдың 6 айында әкімдіктің 2 487 қаулысы дайындалған және қабылданған, оның ішінде құқық беру, жеке меншікке сату,нысаналы мақсатын мақсатын өзгерту туралы 2 306 қаулы және құқық беруден бас тарту, өзгерістер енгізу немесе құқықтарын тоқтату туралы 181 қаулы қабылданған.

   Алматы қаласының даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жер қатынастары басқармасы өз құзыреті шегінде мемлекет мұқтажы үшін жерлерді мәжбүрлі түрде алып қою бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. 2015 жылға дейін мемлекет мұқтажы үшін жерлерді мәжбүрлі түрде алып қою шараларын бағдарлама әкімгерлері дербес жүргізген. Бұл функцияларды Басқарма тек соңғы 3 жылдың ішінде ғана атқарып келеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2015 жылы Басқарма 6,9 млрд. теңгеге 124 жер учаскесін сатып алған, 2016 жылы 933,5 млн. теңгеге 20 жер учаскесі сатып алынса, 2017 жылдың 8 айында 10,6 млрд. теңгеге 212 жер учаскесі сатып алынған. Осылайша, ағымдағы жылы сатып алынған жер учаскелерінің саны соңғы 2 жылда сатып алынған жер көлемінен 33% пайызға асып түсті. Ағымдағы айда қолда бар қаражат шеңберінде 150 млн. теңгеге қосымша 13 жер учаскесін сатып алу  жоспарлануда. Ағымдағы жылы Басқарма 31 объект бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, оның ішінде 11 объект көлік инфрақұрылымы, 8 энергетика объектісі, әлеуметтік мақсатта 9 объект, «Ян Гейл» жобасы аясында 3 объект бар.

  Мемлекет мұқтажы үшін меншікті алып қою мәселелері бойынша Басқарма ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мысалы, ағымдағы жылда Сейфуллин даңғылы мен Емцов көшесінде жол айырығының, Фурманов көшесін ұзартып салу сияқты үлкен объектілер құрылысына қатысты 100 астам отбасын қамтитын халық арасында 15 кездесу өткізді. Кездесулер аудан әкімдіктері алаңдарында, ЖҚБ және де баспасөз орталықтарында өткізілді.
Кездесулер барысында меншік иелерінің құқықтары, алып қою және келісу рәсімдерінің жүргізу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, осының нәтижесінде әлеуметтік шиеленіс деңгейін төмендетуге мүмкіндік туды.

   Жалпы алғанда, депутаттардың айтылған ұсыныстарын ескергенде, Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланды.

Депутатские слушания о работе Управления земельных отношений города Алматы

 

Депутатские слушания о работе Управления земельных отношений города Алматы

 

Депутатские слушания о работе Управления земельных отношений города Алматы

 

Депутатские слушания о работе Управления земельных отношений города Алматы

 

Депутатские слушания о работе Управления земельных отношений города Алматы

 

 


Кейін қайту