Мәслихат хатшысы ҚАЛДЫБАЙ ҚАЗАНБАЕВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Август 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы

  2017 жылғы 27 шілдеде VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй мәселелері жөніндегі және кәсіпкерлік және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Е. Еркінбаев, кәсіпкерлік және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К. Авершин, мәслихат депутаттары Алшанов Р.А., Аманкелді С.Б., Константинов Ф.А., Матыжанов К.С., Мухамед-Рахимов Н.Т., Набиев А.А., Ниязова Н.И., Садықов Б.Н., Сәрсенбай Қ.Қ., Стамбеков Е.Д., Төлепов А.С., Умаров Ш.Н., Хасенов М.Қ. және Алматы қаласы жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін атқарушы Т. Исин, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Е.Үсенбаев, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары А. Темешев қатысты. Отырыста келесі сұрақтар қаралды: «Алматы қаласының ІІД Метрополитендегі ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына тағайындауға келісім беру туралы», «Алматы қаласының Ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы», «Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы». Жоғарды көрсетілген сұрақтар бойынша Алматы қаласы жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін атқарушы Т. Исин, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Е.Үсенбаев, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары А. Темешев баяндама жасады.

 

Совместное заседание постоянных комиссий Совместное заседание постоянных комиссий
Совместное заседание постоянных комиссий Совместное заседание постоянных комиссий
Совместное заседание постоянных комиссий Совместное заседание постоянных комиссий
Совместное заседание постоянных комиссий Совместное заседание постоянных комиссий

 


Кейін қайту