|
III сайланымдағы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өттіIII сайланымдағы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырыс барысында «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына сәйкес Қоғамдық кеңес қызметінің құрылымына қатысты ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Қоғамдық кеңестің төрайымы болып Көбеева Алтынай Орманқалиқызы сайланды. Алтынай Көбеева азаматтық секторда 25 - жылдан астам қызмет атқарып келе жатқан, бірнеше үкіметтік емес ұйымдарды басқарған, қаланың дамуына мол атсалысып жүрген азаматшалардың бірі.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің 5 комиссиясының құрылымы бекітіліп, комиссия басшылары сайланды. Коммуналдық инфрақұрылым, ұтқырлық, экология, қаржы, активтер және қауіпсіздік жөніндегі комиссия – төрағасы Жапаров Борис Аликенұлы. Құрылыс, жер қатынастары, урбанистика, энергетика және сумен жабдықтау жөніндегі комиссия – төрағасы Шибутов Марат Максумұлы. Қоғамдық даму, мәдениет, спорт және жастар жөніндегі комиссия – төрағасы Камалов Бахтияр Камалұлы. Экономика, кәсіпкерлік, инвестициялар, цифрландыру, туризм жөніндегі комиссия – төрағасы Қапасов Думан Жандосұлы. Денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту жөніндегі комиссия - төрайымы Қасымжанова Жанат Кәкімсейітқызы. Сонымен қатар, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің Төралқасы сайланды, оның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы, Мәслихат хатшысы және комиссиялардың басшылары енді.
Айта кетейік, отырыс Almaty.tv YouTube арнасында және Мәслихатының YouTube, Aitube арналарында тікелей эфирде көрсетілді.
|
||