Мәслихат хатшысы СТАНИСЛАВ КАНКУРОВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Сентябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

   Атмосфералық ауаның жай-күйін сандық бағалау және экологиялық деректерді жинауға, талдауға және қолдануға заманауи тәсілдерді пайдалану заңнамалық реттеуді, ұзақ мерзімді және жедел іс-шаралар жоспарларын және ауа сапасын жақсарту бойынша жалпы ілгерілеу барысын қадағалауды қоса алғанда, тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.

 

   Осыған байланысты Алматы қаласы Мәслихатының экология, туризм және қоғамдық кеңістікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Алматы қаласының Қоғамдық кеңесімен бірлесіп ауа сапасын жақсарту жөніндегі қоғамдық тыңдаулар өткізуге бастамашылық жасады. Екінші бөлім Алматы қаласының экологиялық деректері мен ауа сапасы туралы ақпаратқа арналады, оның аясында келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:

ž     Ауаның ластануының ағымдағы жай-күйін және оның халықтың өмір сүру сапасына әсерін бағалау

ž     Қаланың ауа сапасы мониторингінің тиімді жүйесін құру: мәселелер мен шешу жолдары, ағымдағы бастамалар, заманауи тәсілдер

ž     Ауа сапасы бойынша экологиялық деректерді пайдаланудағы басқа қалалардың озық тәжірибелері мен тәжірибелерінің мысалдары

ž     Халықты тарту: нақты жағдай туралы хабардар ету, азаматтық бастамалар, шешім қабылдауға қатысу

 

Құрметті қала тұрғындары, әлеуметтік белсенділер, БАҚ өкілдері, қоғамдық пікір жетекшілері мен экологтар! Сізді «Экологиялық ақпарат Алматыдағы атмосфералық ауаның жағдайын жақсартудың негізі ретінде» тақырыбындағы Қоғамдық тыңдаулар сериясының екінші бөліміне қатысуға шақырамыз.

 

Өтетін күні мен орны: 25.08.2021 ж.

Өтетін уақыты: 10:00-12:00

Іс-шараға ZOOM арқылы шақыру Алматы қаласы Мәслихаты мен Қоғамдық кеңесінің интернет-ресурстарында заңда белгіленген мерзімде орналастырылатын болады.

 


Кейін қайту