Мәслихат хатшысы СТАНИСЛАВ КАНКУРОВТЫҢ БЛОГЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Июнь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Мәслихаттың қала инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

   Алматыда қалалық мәслихаттың Көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

   Комиссия жұмысына қалалық мәслихат депутаттары және Алматы қаласы әкімдігінің Энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Айдар Шарлизұлы Беркімбаев қатысты.

   Тұрақты комиссияның отырысы өтпес бұрын депутаттар Алатау, Наурызбай, Түрксіб, сондай-ақ Медеу аудандарындағы сумен жабдықтау, сыртқы инженерлік коммуникациялар бойынша жасалған жұмыстарды жұмыс сапары кезінде зерттеді. Тексеру барысында қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштердің негізінде жүргізілетін жұмыстардың сапасы мен уақтылығына қатысты депутаттар тарапынан ұсыныстар мен сараптама берілді.

   Энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев қалада бес айда атқарылған инфрақұрылымдық жұмыстың қорытындылары туралы былай деді: "2021 жылға бюджеттен сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға шамамен 19 млрд теңге бөлінді. Мәселен, 17 шағын ауданда 170 км су құбыры және 140 км кәріз желілерін тарту жоспарланған. Жыл басынан 40 км су құбыры және 12 км кәріз желілері тартылды".

   Отырыс барысында депутаттар Алғабас, Ақжар және Көк – Қайнар шағын аудандарында электрмен, жылумен жабдықтау, су құбыры, кәріз және асфальт төсеу мәселелерін өткір көтерді.

   Депутаттар пайда болатын кемшіліктерді жою үшін қалалық басқармалармен ай сайын қала аудандары бойынша көшпелі комиссияларды өткізетінін хабарлады. Көшпелі комиссияларда анықталған кемшіліктер мен ескертулердің жалпы талдауы қалалық әкімдіктің тиісті басқармаларына жіберілетін болады.

   Өткен комиссияның қорытындысы бойынша, депутаттар қаланың Энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасының өкілдері мен басқа да жауапты ведомстволармен бірлесіп Алғабас, Ақжар және Көк-Қайнар шағын аудандарындағы проблемалық учаскелер бойынша тұрғындардан келіп түскен барлық өтініштер мен шағымдарды тексеру үшін комиссиялық тексеріс жасауға шешім қабылдады.

Заседание постоянной комиссии маслихата по вопросам инфраструктуры города

Кейін қайту