Мәслихат хатшысы СТАНИСЛАВ КАНКУРОВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Июнь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Алматыда тағы екі жаңа метро станциясы іске қосылады

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Есенгелді Талбидинов салынып жатқан метро станцияларына мониторинг жүргізді.

Тексеру барысында депутат салынып жатқан "Сарыарқа" және "Достық" метро станцияларының барлық инфрақұрылым нысандарын, атап айтқанда, қызметтік-техникалық үй-жайларды, туннельдерді, жолдарды, жабдықтар мен механизмдерді тексерді.

"Бүгін метродағы екі жаңа станцияның құрылыс жұмыстарын тексердік. Болжам бойынша құрылыс жұмыстары 2021 жылдың соңына дейін аяқталады. Пайдалануға берілгеннен кейін жоспарланған жолаушылар ағыны тәулігіне 86.000 адамды құрайтын болады", - деді депутат Есенгелді Талбидинов.

Депутаттың айтуынша, метро ұзындығы 3,1 шақырымды құрайды. Тексеру барысында "Сарыарқа" станциясы терең төсеу станциясы, ал "Достық" станциясы ұсақ төсеу станциясы ретінде жіктелгені анықталды.

Жаңа станцияларды салу кезінде жобада мүгедек топтар үшін барлық жағдайлар ескерілген. Нысандар лифтілермен, санитарлық тораптармен, тік көтеру құрылғыларымен, тактильді навигациямен және көрсеткіш белгілерімен жабдықталады. Салынып жатқан инфрақұрылым кіреберістен платформаға дейінгі жол уақытын орта есеппен 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді.

 

В Алматы запустят ещё две новые станции метро

 

В Алматы запустят ещё две новые станции метро

 

В Алматы запустят ещё две новые станции метро

 

В Алматы запустят ещё две новые станции метро

 

 


Кейін қайту