Мәслихат хатшысы СТАНИСЛАВ КАНКУРОВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Июнь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Мәслихат депутаты Алматының Бизнес қауымдастығын жаппай вакцинациялауға шақырады

Мәслихат депутаты, "Daco motors KZ" ЖШС компаниясының директоры Нұрымбек Тау Алматының бизнес қауымдастығын жаппай вакцинациялауға шақырды. Бұл туралы ол Алматы қаласы мәслихатының баспасөз қызметіне, Қазақстандағы Yokohama және Triangle брендтерінің автомобиль шиналарының ресми дистрибьюторы болып табылатын "Daco motors KZ" ЖШС компаниясының ұжымдық вакцинациядан өту кезінде хабарлады. 

"Қызметкерлерді вакцинациялау - ұжымда инфекция мен ауыр асқынулардың алдын алудың жалғыз және ең сенімді тәсілі. Мен кәсіпкерлік қоғамдастықтың өкілі ретінде ауқымды науқанды толық қолдаймын. Жеке кәсіпкерліктің үздіксіз қызметінің маңыздылығын ескере отырып, біз үшін ШОБ өкілдеріне барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, кедергісіз жұмыс істеу ең басты мәселе. Сондықтан кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілікпен қарау керегін алға қоямын", - деді Алматы қаласының мәслихат депутаты Нұрымбек Тау.

Оның айтуынша, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың іскерлік кеңесінің қатысушыларымен бірге кәсіпкерлік қоғамдастықты қолдау шаралары, тұрғындарды вакцинация туралы ақпараттандыру, кәсіпкерлік нысандары үшін "денсаулық паспорттарын" әзірлеу туралы мәселелерді көтерген болатын.

Осылайша, жаппай вакцинациялауға дайындық аясында көптеген бизнес өкілдері логистиканы ұйымдастыруға, вакциналарды сақтауға және егу пункттерін құруға қатысты. Жақын арада Covid-19-ға қарсы вакцинациялауға арналған осындай 300 пункт құру жоспарлануда.

 

Депутат маслихата призывает Бизнес-сообщество Алматы к массовой вакцинации

 

Депутат маслихата призывает Бизнес-сообщество Алматы к массовой вакцинации

 

Депутат маслихата призывает Бизнес-сообщество Алматы к массовой вакцинации

 

 


Кейін қайту