Мәслихат хатшысы СТАНИСЛАВ КАНКУРОВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Июнь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

Алматыда Алмалы ауданы әкімінің кандидатурасы келісілді

Алматыда жетінші сайланым қалалық мәслихаттың кезектен тыс V-сессиясы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өтті.

 

Қала әкімі мәслихаттың V-сессиясының қарауына Алмалы ауданы әкімінің кандидатурасын келісуге ұсынды.

 

Ержан Іргебайұлы Сейтеновтың кандидатурасы ҚР Президенті әкімшілігімен келісіліп, мәслихаттың V-сессиясында Алматы қаласының депутаттарымен бірауыздан қолдау тапты.

 

Ержан Іргебайұлы Сейтенов 1974 жылы туған. Бакалавриат пен магистратураны

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бітірген.

 

Еңбек жолын 1990 жылы жаңа Қорған ПМК-11 жұмысшысынан бастаған.

 

Әр жылдары квазимемлекеттік секторда, сондай-ақ Алматы қаласының коммуналдық кәсіпорындарында әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

 

Оның басшылығымен "Алматы пәтер қызметі" КМК-дан "Алматы тазалық" КМК-ге қайта құрылып, аумақты абаттандыру мен тазалау жұмыстрын тиімді жүзеге асырды.

 

Алматы қаласының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, жасыл экономика басқармаларында басшылық еткен.

 

Осы уақытқа дейін ол Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасын басқарды.

 

Согласована кандидатура акима Алмалинского района в Алматы

 

 


Кейін қайту