Мәслихат хатшысы СТАНИСЛАВ КАНКУРОВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Июнь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

   Бүгінгі күнде Алматы қаласы дүние-жүзіндегі жоғары деңгейдегі ластанған аумақтардың тізіміне еніп отыр. Қаланың экологиялық жай-күйінің нашарлауына ықпал ететін негізгі себептер автокөлік, жылу электр станциясының (ЖЭС), қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ), жану өнімдерін шығару - қаланың жеке меншік үй-жайлары мен жақын агломерацияның тіршілік әрекетінің нәтижесі болып табылады. Әрине, бұл мәселе экологтарды ғана емес, қалалықтар мен бүкіл жұртшылықты толғандырады.

   Осыған байланысты алғаш рет қалалық мәслихатта экология, туризм және қоғамдық кеңістікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия құрылып, ол, Алматы қаласының қоғамдық кеңесімен, сараптамалық қоғамдастықпен бірлесіп, өңірлік ерекшелікті ескере отырып, қоршаған ортаның жай-күйі мен қаланың атмосфералық ауасының сапасын бағалау бойынша талдау жүргізді.

   Экологиялық мәселелерді сақтауға байланысты мәселелер «2050 бағдарламалық стратегиясының» негізін қалайтын бес жылға арналған Алматы қаласын дамыту бағдарламасына енгізілген, оның міндеттерінің бірі: экологиялық таза көлік түрлеріне көшу және қауіпсіз маршрут бойымен (самокаттар, велосипедтер және жаяу жүргіншілер) қала бойынша баламалы қозғалуға жағдай жасау болып табылады.

Талдау көрсеткендей, азаматтардың көп бөлігі, соның ішінде балалар, жасөспірімдер, жастар, орта және зейнет жасындағы адамдар ауадағы зиянды қосылыстардың жоғары концентрациясының әсерінен тыныс алу органдарының ауруларымен ауырады. Көлік ластанудың негізгі эмитенттерінің бірі болып табылады.

   Бұл Алматы қаласы мен жақын маңдағы агломерация аумағында көлік құралдары санының тез өсуіне байланысты, ауаның ластануына автокөліктер шығарындылары қаланың жалпы шығарындыларының алпыс пайызына немесе одан да көбіне жетеді.

   Автокөлік бөліп шығаратын газдың құрамында шамамен 200 зат бар (оның бірі түгелдей жанған немесе шала жанған көмірсутектер (ауыр металдар, ішкі жану қозғалтқышының газдары – бензапирен, альдегидтер бар). Қалада көлік тасқынының жыл сайын өсуі экологиялық жағдайға, тұрғындардың денсаулығы мен қала экологиясына кері ықпалын тигізуде.

   Осы проблемамен айналысатын талдау, сауалнамалар, сондай-ақ ғылыми қызметкерлермен және дәрігерлермен кездесулер нәтижелері автомобиль көлігі    Алматы қаласының ауа бассейнін ластаудың басқа көздерімен қатар жаппай жергілікті химиялық, биологиялық ластану ошақтарын қалыптастырудың себебі болып табылады және халықтың денсаулық жағдайына тікелей қауіп төндіреді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

 

   Осыған байланысты, алдағы Қоғамдық тыңдаулар аясында біз келесі іс-шараларды талқылауды орынды деп санаймыз:

  • автокөліктен ластаушы заттардың шығарындыларын азайту және оны азайту жөніндегі бағдарламаларды қалыптастыру мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетігінің мәселелері;
  • техникалық диагностика станцияларында барлық түрдегі АТҚ (автомобильдерге техникалық қызмет көрсету) тексерулеріне қойылатын талаптарды күшейту;
  • жанармай құю станцияларының EURO 4.5 жанармай стандарттарына сәйкестігін жүйелі түрде тексеру;
  • жанармай мен мотор майларының сапасын бақылау;
  • Алматыда дизельді автобустардың жұмысына тыйым салу болып табылады.

   Құрметті қала тұрғындары, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қоғамдық пікір көшбасшылары, экологтар мен экологиялық қауіпсіздік мәселелерін кәсіби деңгейде түсінетін азаматтар, біз сіздерді «Қалалық атмосфералық орта: Алматы қаласының атмосфералық ауасының жай-күйі, жолдары мен жағдайлары сапасын жақсарту» тақырыбындағы қоғамдық тыңдауға қатысуға шақырамыз.

 

Өтетін күні мен орны: 28.05.2021 ж.

Өткізу уақыты: 10:00-12:00

 

   ZOOM-ға шақыру іс-шара Алматы қаласы мәслихаты мен қоғамдық кеңесінің интернет-ресурстарында заңда белгіленген мерзімде орналастырылатын болады.

 


Кейін қайту