Мәслихат хатшысы СТАНИСЛАВ КАНКУРОВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Апрель 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Жаңалықтар МҰРАҒАТЫ

Біз халық өкілдері ретінде адамдарға және осындай отбасыларға көмектескіміз келеді - мәслихат депутаты

Алматы, 2 наурыз, Мәслихат аппараты. Алматы қаласы мәслихатының депутаты - Зулеев Мұхтар Мұхамбетұлы «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толуына орай азаматтарды қабылдаудың онкүндігін ашты. Бұл туралы депутаттың қала тұрғындарымен 1 наурыздан басталған күнделікті онлайн-кездесулері кезінде белгілі болды.

 

Азаматтар депутатқа түрлі сұрақтармен келеді. «Шұғыла» шағынауданының тұрғыны және жалғызбасты ана Әсел Аппазова депутаттан жұмысқа орналасуға және баланы қашықтықтан оқытуға арналған ноутбук сатып алуға қолдау көрсетуін сұрады. Алматы тұрғыны Татьяна Александровна «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы медициналық көмек қызметтерін көрсету сапасына сараптама жүргізу және оны ауруханаға жатқызудан бас тартудың себебін түсіну туралы өтінішпен мәслихат депутатына жүгінді. Ал Наурызбай ауданының тұрғыны Ахмет Қасымов бюджеттік жалдамалы баспана табуға көмек сұрады.

 

Депутат Зулеев келгендердің барлығына көмектесуге дайын екенін білдірді. Қала тұрғындарының кейбір мәселелері сол жерде шешілді.

 

«Мен үшін әрбір қазақстандықтың өзін жайлы сезінуі маңызды. Азаматтарды қабылдауда сіз халықтың көңіл-күйін, олардың өмір деңгейі мен қажеттіліктерін шынымен бағалап, көре аласыз. Қазір елдегі 4 миллионнан астам отбасының кіріс деңгейі әр түрлі. Мемлекеттен басқа, біз депутаттар және халық қалаулылары ретінде адамдарға және осындай отбасыларға шынымен көмектескіміз келеді», - деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Мұхтар Зулеев.

 

Сондай-ақ, Зулеевтің айтуынша, егер халықтан түскен әр өтінішті бөлек қарастыратын болсақ, бір ғана «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы» бағдарламасына сәйкес бірнеше мың отбасы нақты көмек пен қолдауға ие болды. Депутат жалға берілетін және несиелік тұрғын үй салуды, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын салу, сондай-ақ жол мен көлікті жақсартуды көздейтін қалалық инфрақұрылым бастамаларды, «Алматы-2025 даму бағдарламасы» және «Жаңа Алматы» кешенді даму жоспары сияқты қалалық бастамаларды қолдайды. 

 

«Алматы-2025 жылға арналған даму бағдарламасында» Зулеев, Алматы қаласы мәслихатының депутаты ретінде, Кәсіпкерлікті, инновацияны, ақпараттық технологияны және шығармашылық индустрияны дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады. Комиссия мүшесі ретінде, ол депутаттық қызметінің алғашқы айында креативті индустрия мен қаржылық, қаржылық емес бастамаларға қолдау бағдарламасын әзірлеуді қолға алып, жол картасын іске асырудан бастады.

 

Кездесуді қорытындылай келе, мәслихат депутаты өзінің барлық депутаттық мүмкіндіктерін халықтың мәселелерін шешуге және олардың өмір сүру деңгейін жақсартуға пайдалануға дайын екендігін білдірді.

 

«Біз барлық азаматтардың өтініштерін қабылдадық. Ұзақ зерттеуді қажет ететін сұрақтар жеке қарастыруға қабылданады. Әр сұрақ бойынша тиісті депутаттық сауал жүргізіледі», - деді депутат.

 

Мы как народные избранники, действительно, хотим помогать людям и таким семьям - депутат маслихата

 

 

 


Кейін қайту