Мәслихат хатшысы СТАНИСЛАВ КАНКУРОВТЫҢ БЛОГЫ



ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

«    Январь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының LXXII сессиясы

   2020 жылғы 14 желтоқсанда VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының LXXII сессиясы видеоконференцбайланыс (ВКБ) режимінде өтті. Сессия барысында келесі сұрақтар қарастырылды.

 

«Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға

арналған бюджеті туралы»

 

   Бүгін депутаттар сессияда «Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімнің жобасын бекітті.

   Жалпы келесі жылға арналған қала бюджетінің жобасы шамамен  823 млрд. теңгені құрайды. Алматы бюджеті әлеуметтік бағытта қалып отыр. Әлеуметтік салаға 2021 жылғы бюджет шығыстарының шамамен 46% бағытталады.

   Сондай-ақ, 2021 жылдың бюджетінде қоғамдық көлік және жол-көлік инфрақұрылымы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды алдын алу сияқты өзекті қалалық мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, жаңа Алматы тұрғындарын ауыз сумен, газбен, көшені жарықтандырумен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік нысандар салу, аулаларды абаттандыру бойынша міндеттерді шешу қажет.

 

 

«Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы»

 

   Сессияда «Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы» шешім қабылданды.

   Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңына және субсидиялау Қағидаларына сәйкес, Алматы қаласының қоғамдық көлігіндегі қолма-қол ақшасыз төлемдер 80 теңге және қолма-қол төлемдер 150 теңге мөлшеріндегі қолданыстағы тарфитер Алматы қаласының тұрақты әлеуметтік маңызы бар қатынастарына тарифтер ретінде айқындалады.

 

   «Жас маман» жобасын жүзеге асыру жөніндегі аймақтық комиссия құрамын бекіту туралы»

 

   Сессияда «Жас маман» жобасын жүзеге асыру жөніндегі аймақтық комиссия құрамын бекіту туралы» шешім қабылданды.

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, еңбек ресурстарын және қысқартылған жұмысшыларды қайта даярлауды, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, жергілікті атқарушы органдары өңірдегі ТжКБ ұйымдарын және жабдықтарды іріктеу үшін Аймақтық   комиссияларды  құрады. Аймақтық комиссияның жалпы құрамы кемінде жеті адамнан, жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» АКП және жұмыс берушілер өкілдерінің қатарынан ( комиссия мүшелерінің құрамының  кемінде 50% - ы кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер өкілдерінен) болуы тиіс. «Жас маман» жобасын жүзеге асыруға ТжКБ-ның (техникалық және кәсіптік орта білім) 18 мемлекеттік ұйымы қатысады.

 

LXXII сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

LXXII сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

LXXII сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

LXXII сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

LXXII сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

LXXII сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

LXXII сессия маслихата города Алматы шестого созыва

 

 


Кейін қайту